Cолтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласады
12 Қараша 2021, 08:00 87

Cолтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2021 жылғы 12 қарашада болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжауды kazhydromet.kz жариялады.

Еліміздің шығыс, оңтүстік және батыс аймақтарына ауа райы жауын-шашынсыз болатын жоғары қысымды алқап әсер етеді. Республиканың қалған бөлігіндегі ауа райын әлі де циклон жырасы және сонымен байланысты атмосфералық фронттар анықтайды, соған байланысты жауын-шашын жауып, солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады. 

Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік аудандарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, батысында, солтүстігінде және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, шығысында, Алакөл көлдерінің ауданында, таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде жел 15-22 м/с күшейеді, Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында шаңды дауыл, Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жел күшейеді, Атырау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...