Санжар - олимпиадалар, миллион доллардың есептері мен оқуы туралы

26 Қаңтар 2019, 18:57
5742
Бөлісу:
Санжар - олимпиадалар, миллион доллардың есептері мен оқуы туралы
PHOTO

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Алматы қаласында өткен Орынбек Жəутіков атындағы XV халықаралық олимпиадада Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Санжар Мажит алтын медальге ие болды. Ол жаһанның 18 елінен келген 250 жас математикпен жарысты. Нәтижесінде Санжар халықаралық олимпиадада жеңіс тұғырында көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатты. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі 17 жастағы жас математикпен сұқбаттасты.


BAQ.KZ: Санжар, математикаға қызығуың неден басталды?

- 2009 жылы Астанадағы №2 мектепке бірінші сыныпқа бардым. Математикаға құлшыныс сонда оянды. Ешкім «Санжар, математиканы оқы» деп айтқан жоқ. Тек әкем мен анам есепке қабілетімді байқаған соң, олар 10 жасымнан мені түрлі математикалық жарыстарға қатыстыра бастады.

BAQ.KZ: Алматы қаласында өткен Орынбек Жəутіков атындағы XV халықаралық олимпиадада бас жүлдені иелендің. Оңай болмағаны түсінікті...
  - Бұл ұзақ жылдар бойы жинаған тәжірибе мен еңбектің нәтижесі. Осыған дейін 8-сыныпта Иранда ұйымдастырылған халықаралық геометрия олимпиадасында 3-орынды, ал биыл аталған олимпиадада бас жүлдені жеңіп алдым. Сондай-ақ 8-сыныпта Қаныш Сәтпаев атындағы халықаралық олимпиадада бірінші орынды иелендім. Қысқасын айтқанда, көптеген халықаралық жарысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Жəутіков олимпиадасында геометрия, алгебра, сандар теориясы, комбинаторика тақырыбындағы аса күрделі есептер келді. 6 есеп берілді. Бірінші күні 3 есеп, екінші күні 3 есеп болды. Жарыстың ережесі бойынша 3 есепті 4,5 сағатта шығару керек.

BAQ.KZ: Халықаралық олимпиадаларға қалай дайындаласың?

- Түрлі кітаптардағы есептерді шығарамын. Аптасына 20 сағат уақытым есеп шығарумен өтеді. Сонымен қатар мұғаліммен дайындаламын. Халықаралық олимпиадаларда жеңіске жетудің еш құпиясы жоқ. Есепті шығара беріңіз, шығара беріңіз. Бастысы - өзіңіз ұнатқан іспен айналысыңыз. Оған уақыт бөлсеңіз, нәтиже бір күні шығады.

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Алматы қаласында өткен Орынбек Жəутіков атындағы XV халықаралық олимпиадада Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Санжар Мажит алтын медальге ие болды. Ол жаһанның 18 елінен келген 250 жас математикпен жарысты. Нәтижесінде Санжар халықаралық олимпиадада жеңіс тұғырында көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатты. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі 17 жастағы жас математикпен сұқбаттасты.

BAQ.KZ: 2000 жылы АҚШ-тың Клэй атындағы математика зерттеу институты «мыңжылдық проблемалар» санатындағы аса күрделі 7 есепті іріктеп алып, оның біреуін шешкен адамға 1 млн доллар көлеміндегі сыйақы тағайындады. Осы уақытқа дейін аталған есептің бірі - Пуанкаре гипотезасының шешімін ресейлік математик Григорий Перельман тапты. Бірақ ол қомақты қаражатты алмайтынын мәлімдеді. 2012 жылы қазақ математигі Мұхтарбай Өтелбаев шығарылмаған 6 есептің бірі – Навье-Стокс теңдеуін шығардым деді. Бірақ кейін шетелдік ғалымдар оның есебінен қате тапты. Жалпы, «Мыңжылдық проблемалар» санатындағы есептердің бірін шығару жоспарыңда бар ма? 1 млн доллар алуды армандамайсың ба?
- Алдымен бұл өте күрделі есептер екенін ескеру қажет. Ашығын айтайын, мен бұл есептерді шығаруға дайын емеспін. Білімді шыңдап, тәжірибені ұштай түсу қажет. Сондықтан мұны болашақтың еншісіне қалдырамын. Оның өзінде аталған есептерді ақша немесе атақ үшін шығарғым келмейді.
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Алматы қаласында өткен Орынбек Жəутіков атындағы XV халықаралық олимпиадада Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Санжар Мажит алтын медальге ие болды. Ол жаһанның 18 елінен келген 250 жас математикпен жарысты. Нәтижесінде Санжар халықаралық олимпиадада жеңіс тұғырында көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатты. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі 17 жастағы жас математикпен сұқбаттасты.


BAQ.KZ: Олимпиадада жеңіске жеткен соң, саған жоғары оқу орындары грант ұсыныпты. Ол қандай оқу орындары?
-  Маған 3 жоғары оқу орны грант ұсынды. Біріншісі - Алматыдағы Сүлейман Демирел университеті, екіншісі - Астанадағы Назарбаев университеті, үшіншісі - Мәскеудегі жоғары экономика мектебі.

BAQ.KZ: Қайсысына түсемін деп отырсың?
-  Ашығын айтқанда, шетелде оқығым келеді. Канада мен Қытай жоғары оқу орындарының біріне түсуді ойлап жүрмін. Халықаралық IELTS емтиханын биыл жазда тапсырамын. Одан 7-7,5 балл жинау керек. Болашақта программист немесе информатика пәнінің мұғалімі болғым келеді.

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Алматы қаласында өткен Орынбек Жəутіков атындағы XV халықаралық олимпиадада Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Санжар Мажит алтын медальге ие болды. Ол жаһанның 18 елінен келген 250 жас математикпен жарысты. Нәтижесінде Санжар халықаралық олимпиадада жеңіс тұғырында көк байрағымызды желбіретіп, әнұранымызды шырқатты. Осы орайда BAQ.KZ тілшісі 17 жастағы жас математикпен сұқбаттасты.

BAQ.KZ:  Үйден телевизор  байқамадым. Соған қарағанда мүлдем телевизор қарамайтын сияқтысың ғой?
- 4-сыныптан бастап телевизор көрмеймін. 3-сыныпқа дейін уақытым телевизор қараумен өтетін (күліп). Оны қойған соң, көп уақыт пайда болды. Оны есеп шығаруға, достарыммен сөйлесуге, білім алуға жұмсадым.  Жаңалықтарды интернеттен оқимын. Бос уақытымда кітап оқығанды жақсы көремін. Әсіресе, әлем мойындаған жазушылардың шығармаларын сүйіп оқимын.
BAQ.KZ: Сұқбатыңа рақмет! Саған тек сәттіліктер тілеймін.
Дәурен Ерболат
Фото: Нұржас Жақсыбай
Өзгелердің жаңалығы