Цирктің жаттықтырушысын арыстандар талап тастай жаздады

23 Мамыр 2021, 16:48
2619
Бөлісу:
Цирктің жаттықтырушысын арыстандар талап тастай жаздады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Новосибирск маңындағы Мошково ауылында гастрольдік сапармен жүрген цирк-шапитоның екі арыстаны өнер көрсету кезінде жаттықтырушыға бағынудан бас тартып, оған шабуыл жасады.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде бұл оқиғаның видеосы пайда болды.

Оқиға куәгері түсірген бейнеде екі арыстанның біреуі аренада бірнеше секундтан кейін күтпеген жерден бұйрықты орындамай, жаттықтырушыға қарай шабуыл жасайды. Салдарынан жаттықтырушы құлап түседі. Бірақ бірнеше секундтан кейін ол жануардың шабуылынан құтылып шығады. 

Ер адам шығып бара жатқанда, арыстан қайта шабуыл жасайды, оған екінші арыстан да қосылады. Бірақ екіншісі соншалықты агрессивті болмайды. 

Кейін ер адам темір тордан шығып кетеді.  Салдарынан жаттықтырушының қолы мен аяғы жарақаттанған екен. 
Енді ол арыстанды аренаға шығармайтын болды, оны зообақтардың біріне тапсырмақшы. 


Өзгелердің жаңалығы