Чжан Сяо. Миллиардтан шыққан елші

31 Қаңтар 2019, 17:48
5184
Бөлісу:
Чжан Сяо.  Миллиардтан шыққан елші
VIDEO

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қытай Халық Республикасының 1,5 миллиардқа жуық халқы бар. Сountrymeters.info сервисінде тұрғын санағы секунд сайын жаңарып отырады. Ал енді осы миллиардтан шығып, қалай елші болғаны туралы ҚХР-дың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяодан сұрап көрдік.

Видео: Нұржас Жақсыбай

18 миллион қазақстандықтан суырылып шығап елші болу – бізге оңай емес, ал сіз миллиардтан қалай ерекшелендіңіз, қалай елші болдыңыз?

Мен өзімнің өмірбаяныма тоқталып кеткенім дұрыс болар. Бейжіңдегі шетел тілдер институтын 1987 жылы тәмамдадым. 1982 жылы түскенмін. Ал орыс тілі мамандығын мен бала кезімнен таңдадым. Институттан кейін Сыртқы істер министрлігінде біршама уақыт жұмыс істедім. Совет кезінде Ленинградта тағылымдамадан өттім. 1989-1990 жылдар аралығында. Ленинградтан келгеннен кейін орталық аппаратқа келдім. Бірнеше жыл орталық аппаратта жұмыс істедім. 1994-2011 жылдар аралығында түрлі лауазымда түрлі елде жұмыс істедім. Басында Киевте, кейін Минскте жұмыс істедім. 2011 жылдан бастап сіздің көрші еліңіз Өзбекстанда Қытай елшісі ретінде жұмыс істей бастадым. Содан кейін бірнеше уақыт бойы тағы Мәскеуде біздің елшілігімізде жұмыс істедім.

«Сіз ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің көмекшісі болдыңыз» деп естідік. Сіз төрағамен бірге, тығыз жұмыс істедіңіз бе?

- Жоқ, жоқ бұл шын ақпарат емес.

«Қазіргі жағдайларға қарап отырсақ, Оңтүстік және Солтүстік Корея бір-біріне «жақындай» түсті. Бұған Қытай қалай да әсер етті ме?

Біз бұған тек қуанамыз. Өйткені Корей түбегіндегі қысымнан басқа елдер де зардап шегер еді. Сондықтан Корей түбегімен шекаралас ел болғандықтан да біз Корей түбегіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделіміз. Бұл орайда біздің позициямыз мынадай: біріншіден, біз Корей түбіген денуклеризациялау үшін; екіншіден, біз барлық пікірқайшылықты, таласқа қарсымыз; үшіншіден, біз әскери күшке, әскери күш қолдануға қарсымыз, әскери күштің жолы жабық. Сондықтан қазір осы – Корей түбегіне қатысты біздің негізгі позициямыз. Ал қазір болып жатқан жайттар, қазіргі атмосфера жұмсарды, қысым да басылды. Бұған тек біз қуанамыз. Бұл тек қос Кореяның мүддесінде емес, түбінде ол Қытайдың да мүддесінде.

Сіз бір сөзіңізде «Қазақстан мен Қытай арақатынасына бірдеңе жетіспейді» деген едіңіз.

Білесіз бе, не жетіспейді. Шұғыл ақпарат беру жетіспейді. Қарапайым халық арасындағы өзара түсінісушілік жетіспейді. Екі ел басшылары бір-біріне үнемі кездесіп тұрады. Дегенмен қарапайым халық бір-бірін түсіне бермейді. Бұған түрлі себеп бар. Қазір енді осы мәселелерді шешу жолын қарастырамыз.

Айта кетсек, бұған дейін Чжан Сяо Қытай төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келуі мүмкінекенін және Қытайдың Қазақстанды жаулайтын геосаяси жоспары жоқ дегенді айтқан болатын.

Рахиля Бекназарқызы
Өзгелердің жаңалығы