ҚХР дәрігерлері 15 күн бойы ел мамандарымен тәжірибе алмасады – департамент директоры

10 Сәуір 2020, 16:55
2320
Бөлісу:
ҚХР дәрігерлері 15 күн бойы ел мамандарымен тәжірибе алмасады – департамент директоры

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанға тәжірибе алмасу үшін Қытай Халық Республикасының білікті дәрігерлері келді. 

Бұл жайында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова онлайн өткен брифинг барысында атап өтті.

Қазір елімізде коронавирустың таралуына байланысты бірнеше іс-шаралар жүргізілуде. Аталған індетпен күресу барысында басқа елдерден тәжірибе алмасып жатқанымыз да рас. Осы жылдың 24 наурызында Елбасының Қытай Халық Республикасы төрағасы Си Цзинпинмен телефон арқылы сөйлесудің нәтижесінде бір-біріне қолдау көрсетілетіндігі атап өтілді. Осы тілдесудің арқасында Қытай Халық Республикасының бірнеше экспертін Қазақстанға алдырту іске асты. Біздің дәрігерлерді қолдау мақсатында бүгінгі таңда екі білікті мамандардан құралған делегация келіп отыр. Бұл делегацияның құрамына инфекционистер, пульманологтар, эпидемиологтар, жалпы денсаулық сақтау дәрігерлері мен медициналық мейірбикелер келді, - деді Мағрипа Ембергенова. 
 Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық департаментінің директорының айтуынша, 15 күн бойы екі елдің мамандары өзара тәжірибе алмасады.

Сонымен қатар, елордада, Алматы мен Қарағанды қалаларының медициналық мекемелеріне барып, науқастармен кездесіп, тәжірибе алмасады.

Бұдан бөлек, бірнеше бейнеконференция мен консультациялар өткізілетін болады.

Еліміздің дәрігерлері коронавирустық инфекцияға қатысты барлық сауалдарын Қытайдың білікті мамандарына қойып, кеңес ала алады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданынан 10 дәрігер Қазақстан астанасына келген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы