Черногорияда 1732 адам коронавирустан қайтыс болды

3 Қыркүйек 2021, 13:43
3506
Бөлісу:
Черногорияда 1732 адам коронавирустан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Черногория ауруханаларында COVID-19-дан 368 науқас емделіп жатыр. Бұл туралы regnum.ru хабарлады. 

2 қыркүйекте ауруханаға жатқызылғандардың саны алдыңғы күнмен салыстырғанда 35-ке артты, - деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау институты.

Белсенді жағдайлардың жалпы санының 4,41 пайызы ауруханаларда екен.

Қоғамдық денсаулық сақтау институтының соңғы мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Черногорияда коронавирустың 8 337 белсенді жағдайы тіркелген.

Эпидемия басталғаннан бері бұл елде коронавирус жұқтырудың жалпы саны 115 956 адамды құрап отыр, ал ауру салдарынан 1732 адам қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы