Бас жаңалықтар
«Ұлттық бәсекеге қабілеттілік - ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы қолға алынады
12 Сәуiр 2019, 21:50 834

«Ұлттық бәсекеге қабілеттілік - ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы қолға алынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқару комитетінің «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасының өтінім беру науқанының қорытындыларын қарау жөніндегі отырысы өтті. 

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена Бахмутова, «Ракурс» экономикалық талдау орталығының» ҚҚ директоры Ораз Жандосов және тағы басқалар қатысты.

Кездесу барысында айтылғандай, Бағдарламаның мақсаты қазақстандық компанияларды қолдаудың қаржылай және қаржылық емес шараларын ұсыну жолымен бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған және технологиялық өңдеуші өнеркәсіптерді құруға көмектесу. 2018 жылғы қазаннан бастап желтоқсанға дейін өтінім беру кампаниясы өткізілді, оның барысында Холдинг 1000-нан астам өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорындарына іріктеу жүргізді. Холдингке жалпы алғанда жобалары бар 94 компаниядан 113 өтінім келіп түсті, олар  үш кезеңде қаралды. Негізгі таңдау критерийлері нарық әлеуеті, қаржылық тұрақтылық, компанияның бизнес моделінің тұрақтылығы, инвестициялық жобаның бейімделуі болды.

Кешенді диагностиканың нәтижесінде Холдинг машина жасау, фармацевтика, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру саласында 10 үміткер компанияны таңдады. Кәсіпорындарды жоспарлы қаржыландырудың жалпы көлемі 34,4 млрд. теңгені құрайды. Басқарушы комитет мүшелеріне таңдалған компаниялардың өндіріс және экспортты дамытудың нақты жоспары ұсынылды.

2020-2023 жылдары «Ұлттық бәсекеге қабілеттілік - ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасының іске асырылуынан түсетін қосымша табыстан көзделіп отырған көлем 147 млрд теңге шамасында. Оның ішінде шамамен 70 млрд теңгені өнім экспорты есебінен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Осылайша, салынған инвестицияның әр 1 теңгесі 3,58 теңге табыс, ал экспорттық табыс - тиісінше 1,69 теңге әкеледі.

Сонымен қатар, өтінім беру кампаниясы айтарлықтай инвестиция сомасын талап ететін немесе даму көзқарасынан қызығушылық тудыратын бірқатар перспективалық жобаларды анықтады. Осы компанияларға қолдау көрсету мәселесі Бағдарламадан тыс қаралатын болады. Бұдан бөлек, таңдаудан өтпеген 25 компаниямен Холдинг одан әрі іске асыру мүмкіндігі үшін өз жобаларын құрылымдау бойынша консультациялық жұмысты жалғастырады.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы комитеті отырысының қорытындысы бойынша «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары - Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасын іске асыру жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Загрузка...

Сізден жаңалық