Чемпионат мен үшін үлкен тәжірибе болды – Махмұд Сабырхан
08 Қараша 2021, 20:20 110

Чемпионат мен үшін үлкен тәжірибе болды – Махмұд Сабырхан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан тілшілерге сұқбат беріп, Белградтағы әлемдік доданы қорытындылады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Әлем чемпионатынан күміспен оралсам да, үлкен құрметпен күтіп алған, тілеулес болған барша жанкүйерге рахмет. Бұл әлем біріншілігіне әу баста алтын аламын деп барғанмын. Күміс медаль бұйырды, оған да тәуба, -деді спортшы.

Оның айтуынша, финалға дейін өткізген жекпе-жектерінде қарсыластарынан барлық жағынан басым болған.

Әрине, бұл жарыс маған үлкен тәжірибе сыйлады. Бұл бастамасы ғана. Алда талай дүбірлі сын күтіп тұр. Алдағы жылы Азия ойындары өтеді. Көп ұзамай Ташкентте лицензиялық әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Сол бәсекелерге дайындалып, осы жолы кеткен есені қайтарамыз, - деді Махмұд.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...