Бас жаңалықтар
Чек берілмегенін хабарлаған қазақстандықтарға сыйлық беріледі
18 Қыркүйек 2020, 13:10 604

Чек берілмегенін хабарлаған қазақстандықтарға сыйлық беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту фактілері туралы хабарлаған қазақстандықтарға сыйлық беріледі.

«Азаматтық бақылау – чек талап ет» жыл сайынғы акция 12 мамырдан бастап өтуде. Осы акция аясында азаматтар фискалдық чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту бұзушылықтары туралы хабарлауына болады. 

«Азаматтық бақылау – чек талап ет» акциясында кез келген азамат қатыса алады. Барлық жіберілген арыздар мемлекеттік кірістер органдарында қаралатынын хабарлайды, - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті. 
Фискалдық чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту бұзушылық фактілері туралы App Store және Play market-тен «Wipon» ақысыз мобильді қосымшасын жүктеп хабарлауға және бұзушылық фактісі расталған жағдайда телефон шотына (1000 теңге) сыйақы алуға болады. 

Ағымдағы жылы акция басталғалы азаматтардың хабарламалары бойынша 3 000 бұзушылық фактісі расталды және 3 млн теңге сомаға сыйақы төленді. Оның ішінде қайта бұзушылық жасаған 90 кәсіпкер 2,6 млн теңге айыппұл төлеуге тартылды.

Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР-ның барлық азаматын өздерінің азаматтық ұстанымын білдіруге, заң бұзуға мүлдем төзбеушілік көрсетуге және «Азаматтық бақылау – чек талап ет» акциясына белсенді қатусыға шақырады.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...