Чехияда коменданттық сағат орнады

27 Қазан 2020, 15:22
1231
Бөлісу:
Чехияда коменданттық сағат орнады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыған дейін енгізілген шектеу шаралары айтарлықтай нәтиже бермеді. Енді Чехия Денсаулық сақтау министрі кешкі 21.00-ден таңғы 5.00 аралығында көшеде адамдардың жүруіне тыйым салу жөнінде нұсқаулық берді. 

Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Денсаулық сақтау министрі Роман Прымуланың ұсынысын ел билігі қолдады. Шектеу шаралары 28 қазаннан бастап күшіне еніп, 3 қарашаға дейін жалғасады. 

Алайда жедел іс-сапарға шығатындарға, медициналық көмек көрсетуші мекемелерге бұл шектеулердің қатысы жоқ. Сондай-ақ иттерді серуендетуге де рұқсат берілген. Алайда үйден 500 метр радиустен ұзауға болмайды.

Ертеңнен бастап азық-түлік дүкендерінен басқа мекемелердің қызметі шектеледі. Үйден маңызды себеп болмаса, шығуға шектеу қойылды.

Ел Үкіметі тұрғындардың әлеуметтік қашықтық сақтауын қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілерге қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру қажеттігін ескерткен. 

Денсаулық сақтау министрі Прымуланың мәліметінше,10,7 млн халқы бар елдің жарты миллионға жуығы вирусқа шалдығуы мүмкін. Өйткені көптеген адам тексеруден өткен жоқ.


Өзгелердің жаңалығы