Чадты 30 жылға жуық басқарған президент қайтыс болды

20 Сәуір 2021, 17:55
1236
Бөлісу:
Чадты 30 жылға жуық басқарған президент қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтыншы рет қайта сайланған Чад Президенті Идрис Деби қайтыс болды.

Бұл туралы AFP Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Елді 30 жылға жуық басқарып келген әрі жақында қайта сайланған Чад Президенті Идрис Деби Чадтың солтүстіктігіндегі Сахель аймағында көтеріліске шыққандармен шайқас кезінде алған жарақаттарынан сейсенбі күні көз жұмды, - делінген AFP хабарламасында.
Айта кетейік, Идрис Деби елде 11 сәуірде өткен президент сайлауында алтыншы рет қайта сайланды. Ол Чадты 30 жыл уақыт бойы басқарып келген. Сайлаудың алдын ала қорытындысын Жоғарғы сот бекіту керек болған. Алайда Президенттің өліміне байланысты бұл мәселе қалай шешілетіні белгісіз.


Өзгелердің жаңалығы