Бас жаңалықтар
Целиноград кезінде Кіші Талдыкөлге кәріз қалдықтары төгілген – эколог
08 Қыркүйек 2021, 16:54 123

Целиноград кезінде Кіші Талдыкөлге кәріз қалдықтары төгілген – эколог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Байтақ болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртай әкімдікте өткен онлайн брифингте айтты.

Кішкентай ғана көлшікті Кіші Талдыкөл деп айтуға болмайды. Кіші Талдыкөл үлкен жүйе болған. «Хан шатырдың» тұрған орны, «Жасыл орам» тұрғын үй кешенінің орны сондай болған. Кіші Талдыкөл бастапқыда батпақты жер болған. Целиноград кезінде оған кәріз қалдықтары төгілген. Біз эколог ретінде білеміз, қаланың ішінде сасық, былғанған көлшік болмауы керек, - деді Азаматхан Әміртай.

Ол атап өткендей, БҰҰ-ның экостандартында да солай көрсетілген.

Бұл жағдайда әкімдік мердігермен келісіп, көлшікті түгел кептірмей, оның орнына бассейн салу туралы келісті. Ол 20 гектар алаңды алады. Ол жерде саябақ салынып, абаттандырылады. Бұл экологтар үшін кішкентай болса да жеңіс. Айналасын жақсартып, суын тазартса, табиғат үшін жақсы дүние деп ойлаймыз, - деді эколог.



Фото: дереккөз
Загрузка...