Тәбет шақыратын әңгіме. Үйіңіздегі ресторан немесе кейтеринг

24 Ақпан 2019, 19:10
9782
Бөлісу:
Тәбет шақыратын әңгіме. Үйіңіздегі ресторан немесе кейтеринг
PHOTO

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кейінгі жылдары қызмет көрсету саласында кейтеринг ұғымы жиі айтылып, халық жиі тұтынатын, адамдардың қажеттілігін өтейтін сала ретінде дамып келеді. Сонымен, кейтеринг қандай қызмет? Онымен кімдер айналысады? Қазақстанда кейтерингтің қандай түрлері дамып жатыр? Қарағандыдағы «қазақша кейтерингті» дамытып жүргендер кім?

Кейтеринг жайлы не білеміз...
Үйіңіздегі ресторан. Қарағандыда қазақша кейтерингпен айналысатын қазақ қызыҚарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кейінгі жылдары қызмет көрсету саласында кейтеринг ұғымы жиі айтылып, халық жиі тұтынатын, адамдардың қажеттілігін өтейтін сала ретінде дамып келеді. Сонымен, кейтеринг қандай қызмет? Онымен кімдер айналысады? Қазақстанда кейтерингтің қандай түрлері дамып жатыр? Қарағандыдағы «қазақша кейтерингті» дамытып жүргендер кім?

«Қонақасы – тәңір асы», «қонақ ырзығымен келер» дейтін қонақжай, мейманшыл қазақ халқы қонақ күтуге өзгеше мән берілген. Қазақ халқының салт-дәстүріне сай әр отбасы үйіне келген қонағын қуанышпен, құрметтеп қарсы алып, дастарханын жайып, барын алдына тосқан. Халқымыздың осы қонақ күту әдебі, салт-жоралғылары атадан балаға жалғасып, бүгінгі күнге дейін жетті. Дегенменде, заманның ағымына қарай қыз-келіншектеріміз, аналарымыз еңбекке араласып, еңбекке араласқалы бері, қазақ отбасыларында қонақ күту мәселесі уақыттың тығыздығына байланысты екінші орынға сырғыды. Осы орайда, жұмысбастылықтан уақыты болмай, не болмаса күтпеген жерден үйіне қонақ келген, немесе мейманын дәмді тағамдармен таңқалдырғысы келетіндер үшін қызмет көрсетудің жаңа саласы - «кейтеринг» қызметі көмекке келеді. Жалпы «кейтеринг» термині ағылшын тілінен аударғанда азық-түлікті, тағамды жеткізу деген сөз. Яғни, қоғамдық тамақтануды ұйымдастыратын қызмет көрсетудің бір саласы. Жалпы кейтеринг Еуропа елдерінде, АҚШ-та кең дамыған. Дегенменде, кейінгі жылдары елімізде қоғамдық тамақтанудың бұл бағыты қарқын алып келеді.

Қарағандыда көшпелі тамақтану қызметін ұсынатын Мақпал Сыздықова

Қарағандыда көшпелі тамақтану қызметімен айналысып, дәмді тағамдарымен ғана емес, дастарханды әдемі жабдықтауымен тұтынушыларының көңілінен шығып, қазаққа таңсық кейтеринг саласын кәсіп еткен Мақпал Сыздықовамен тілдескен едік. Мақпал елімізде енді дамып келе жатқан қызмет түрінің қазақ отбасыларының, қазақ меймандарының талғамына сай ойластырылған «қазақша кейтеринг» жобасының авторларының бірі. Бүгінде 4 адамды жұмыспен қамтып отырған қаршадай қыз өзгеше саланың нағыз маманына айналған.

  • Үйіңіздегі ресторан. Қарағандыда қазақша кейтерингпен айналысатын қазақ қызыҚарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кейінгі жылдары қызмет көрсету саласында кейтеринг ұғымы жиі айтылып, халық жиі тұтынатын, адамдардың қажеттілігін өтейтін сала ретінде дамып келеді. Сонымен, кейтеринг қандай қызмет? Онымен кімдер айналысады? Қазақстанда кейтерингтің қандай түрлері дамып жатыр? Қарағандыдағы «қазақша кейтерингті» дамытып жүргендер кім?
  • Үйіңіздегі ресторан. Қарағандыда қазақша кейтерингпен айналысатын қазақ қызыҚарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кейінгі жылдары қызмет көрсету саласында кейтеринг ұғымы жиі айтылып, халық жиі тұтынатын, адамдардың қажеттілігін өтейтін сала ретінде дамып келеді. Сонымен, кейтеринг қандай қызмет? Онымен кімдер айналысады? Қазақстанда кейтерингтің қандай түрлері дамып жатыр? Қарағандыдағы «қазақша кейтерингті» дамытып жүргендер кім?
  • Үйіңіздегі ресторан. Қарағандыда қазақша кейтерингпен айналысатын қазақ қызыҚарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кейінгі жылдары қызмет көрсету саласында кейтеринг ұғымы жиі айтылып, халық жиі тұтынатын, адамдардың қажеттілігін өтейтін сала ретінде дамып келеді. Сонымен, кейтеринг қандай қызмет? Онымен кімдер айналысады? Қазақстанда кейтерингтің қандай түрлері дамып жатыр? Қарағандыдағы «қазақша кейтерингті» дамытып жүргендер кім?
  • Үйіңіздегі ресторан. Қарағандыда қазақша кейтерингпен айналысатын қазақ қызыҚарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Кейінгі жылдары қызмет көрсету саласында кейтеринг ұғымы жиі айтылып, халық жиі тұтынатын, адамдардың қажеттілігін өтейтін сала ретінде дамып келеді. Сонымен, кейтеринг қандай қызмет? Онымен кімдер айналысады? Қазақстанда кейтерингтің қандай түрлері дамып жатыр? Қарағандыдағы «қазақша кейтерингті» дамытып жүргендер кім?

«Әйелдің әдептілігі қонақ күтуінде» дейді қазақ. Қащанда қонақ күту, мейманның көңілінен шығу нәзік жандылардың мойнына жүктелген. Сондықтанда кез-келген әйел үшін асты дәмді пісіру, дастарханді әдемі жабдықтау нағыз сынақ. Дәмді тағам. Ерекше салаттар мен тіскебасарлар, түрлі тәттілер. Үйіңізге мейман келерде осының барлығын дайындауға, пісіруге қанша уақытыңыз кетеді? Кейде тіпті қонақ күтуге 1-2 күн бұрын дайындаламыз. Супермаркет пен дүкен аралап, бірнеше сағат бойы керек-жарақты алып, оны көлікке, одан үйге тасып, әуре-сарсаңға түсеміз. Бауырсақ, торт, шәй үстеліне түрлі тәттілер пісіруден бөлек, салаттың бірнеше түрін дайындау керек. Асылатын етіңіз бен жайылатын наныңыз бар. Осының барлығына жалғыз үлгеру мүмкін бе? Ал егер де қонақ келерден бірер сағат бұрын арнайы қызмет үйіңізге келіп, салаттарды дайындап, дастарханыңызды жайып берсе? Бұл уақыт үнемдеуде таптырмас құрал емес пе?», - дейді Мақпал Сыздықова.

Физикадан кейтерингке дейінгі жол

Соңғы уақытта еліміздің Алматы, Астана сияқты ірі қалаларында кейтерингпен айналысатын компаниялардың қызметіне жүгінетіндер қатары көбейген. Дегенменде, осы қызмет түрін ұсынатын компаниялар көбіне банкеттер мен тойларға арнайы фуршет дайындаумен, не болмаса пицца, суши сияқты жеңіл тағам түрлерін жеткізумен ғана шектеліп жүр. Ал, қазақ отбасының салт-дәстүріне, қонақ күту әдебіне сай қызмет ететін компания нарықта бірен саран десек те болады.

«Бұл істі осыдан 3 жыл бұрын немере әпкем Назгүл екеуміз бастаған болатынбыз. Ол кезде бұл сала Қазақстанда енді дамып келе жатқан еді. Ғаламторды, әлеуметтік желілерді қарап, кейтеринг саласы жайлы біраз іздендік. Негізінде отандық кейтерингпен айналысатын компаниялар көбінесе мекемелердегі іс-шараларға, банкеттерге, тойға фуршет немесе жеңіл, тез дайындалатын тағам түрлерін жеткізумен айналысады. Ал біз сияқты үйіңізге келіп барлығын дайындап беретіндер жоқтың қасы. Бірақ бізді үйіңізге шақыратын аспаздармен шатыстырмаңыз. Біз тіпті азық-түлікті өзіміз сатып аламыз, өз асханамызда дайындаймыз. Өзіңіз ойлаңызшы, сіз базарға, дүкенге, супермаркетке баруға уақыт шығындамайсыз. Кейбір салаттар мен тіскебасарлардың құрамындағы заттарды қуыру, пісіру қажет болады. Бұл жұмысты да атқармайсыз, яғни ас үйіңіз таза болады. Сіздің үйіңізге қонақ келерден 1 немесе 2 сағат бұрын келіп, өзіміз арнайы контейнерлерге салып әкелген салаттардың құрамын араластырып, тарелкаларға салып, дастарханыңызды әдемілеп, ажарландырып береміз. Қысқаша айтқанда үйіңізде ресторандағыдай дастархан жаямыз. Сіз бар болғаны біз ұсынған мәзір бойынша ұнатқан тағамыңызды таңдап, тапсырыс берсеңіз жеткілікті. Тағы да бір ерекшелігіміз, ас мәзірі қазақ халқының қонақ күту дәстүріне сай ыңғайлы жасалған. Көбіне 10-12 адамға шақталған дастарханға көңіліңізден шығатын асты дайындаймыз», - дейді Мақпал.

Қарағандының Жаңаарқа ауданының тумасы Мақпал асты дәмді дайындауды анасынан үйренгендігін айтады. Дегенменде, Мақпал кішкентай кезінен тамақты тек дәмді дайындап ғана қоймай, оны дастарханға әдемілеп ұсынуды ұнататын болған. Бүгінде аспаздық өнерді табысты бизнеске айналдырған Мақпалдың қолынан дәм татқысы келетіндер еліміздің өзге де аймақтарынан хабарласады екен.

«Негізі мен физикпін. Қарағанды мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін тәмамдағаннан кейін, «Қазтелерадио» компаниясында инженер, «АлмаТВ» компаниясының телемаркетинг бөліміне жұмыс істедім. Дегенменде бір сарынды, ешқандай өзгешелігі жоқ күнделікті қайталана беретін қызмет мені жалықтырды. Жұмыс орнымды ауыстыруды жоспарладым, тіпті тұрақты жұмысымнаннан шығып кеткеніммен жоспарым іске аспады, осылайша жұмыссыз қалдым. Бірнеше ай әрбір істің басын шалып, тиіп-қашып жүрдім. Меніңше, жақсы идея туындап, табысты бизнеспен айналысу үшін адам бір кедергіге кездесіп, тіпті сол қиындықтан шығарға жол таппай қиналу керек сияқты. Ал, өмірге деген құлшынысы бар адам тығырыққа тірелген уақытта да абдырап қалмайды. Менің де өмірімдегі үлкен өзгеріске осындай кедергілер себеп болды. Кейтерингпен айналысу идеясы тосыннан келді. Оған әпкем Назгүл себепші. Назгүл екеуміз бұл істі бастау жайлы жоспар құрған уақытта тіпті қызмет көрсетудің бұл түрі «кейтеринг» аталатынын да білмедік. Бүгінгі күнге асықпаған аяңмен, үлкен тәжірибемен келдік деп ойлаймын. Қазіргі уақытта Назгүл екеуміз екі бөлек жұмыс істейміз. Бұл екеуміздің ортақ шешіміміз. Екеуміз де осы саланың маманы ретінде әрқайсымыз өз кәсібімізбен жеке айналысуға шешім қабылдадық», - дейді кәсіпкер.

Мақпал өзгелерге таңсық істі бастаған уақытында ата-анасының тарапынан қарсылық болғандығын жасырмайды. Дегенменде, уақыт өте келе Мақпалдың анасы мен әкесі қыздарының айналысатын ісінен тек табыс тауып ғана қоймай, бұл істі жан-тәнімен жақсы көретіндігін түсініп, қолдау танытқан.

«Бұл істі алғашында әке-шешем ұнатпады. Олар үшін біреудің үйіне барып тамақ істеу ерсі болып көрінді. Әкем тіпті ренжіді, «білдей бір университетті бітірдің, тұрақты жұмысыңды тастап, енді қызмет көрсету саласында жүрсің» деген пікірде болды. Алайда, ол кезеңдер артта қалды. Қазір туғандарым бастаған ісімнің табыстылығына көздері жеткен. Кейде үлгермей жатсам, көмекке келеді. Өткен жылы тұрмыс құрдым. Жолдасым Алтынбек пен оның анасы да кәсібіме құрметпен қарайды, үнемі қолдайды», - дейді ол.

Мақпалдың айтуынша, ол ұсынған кейтеринг қызметіне көбінесе қазақ отбасылары жүгінеді.

«Осы уақытқа дейін санаулы ғана өзге ұлт өкілдерінің үйіне барғаным есімде. Яғни, клиенттеріміздің 97 пайызы қазақтар. Халқымыздың сырға салу, құдалық сияқты дәстүрге сай қуанышты күндерінде көмекке келеміз. Қазіргі уақытта командамда 4 қыз бар. Айына шамамен 25-30 үйге барып, дастархан жаямыз. Бұрын бізді клиенттеріміз қонаққа ас дайындауда үлгермей жатқанда шақыратын. Қазір бізді әдемі дастархан жаю үшін, меймандарына ерекше құрметпен қарсы алу үшін шақырады деп ойлаймын», - деп ағынан жарылды Мақпал.

Мақпал осы тұста мемлекет тарапынан жұмыссыз жандарға көп қолдау көрсетіліп жатқандығын тілге тиек етті. Өз ісін бастап, кәсіппен айналысқысы келетін, не болмаса басқа мамандық алғысы келетін жандарға үлкен мүмкіндік берілетіндігін айтады. Ол да өткен жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы, «кондитер-аспазшы» курсын тәмамдаған. Қарағандыда алғаш рет кейтерингпен айналысып, бүгінде бастаған ісінің жемісін көріп, тұтынушыларының көңілінен шығып жүрген кәсіпкер келіншек әрбір істің соңында береке бар екендігіне сенеді. Ең бастысы ниет пен құлшыныс болса болғаны дейді Мақпал.

Жібек Мұқашева
Фото: автор

Өзгелердің жаңалығы