БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 55%-ға ұлғайды

9 Сәуір 2021, 22:56
1663
Бөлісу:
БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 55%-ға ұлғайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың екі айында БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 55%-ға ұлғайды.

Мынадай қаржы құралдары үлесінің төмендегенi байқалады: шет мемлекеттердiң МБҚ (12,9% - дан 8,6% - ға дейін), ҚР ұйымдарының бағалы қағаздары (27,9%-дан 25,5%-ға дейін), сондай-ақ ҚР Екiншi деңгейлi банктерiндегі депозиттер (2,3%-дан 2%-ға дейін). 

БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 55%-ға ұлғайды

Нәтижесiнде ағымдағы жылдың екi айында ғана есептелген инвестициялық табыс 222,9 млрд теңгеге жетті. 2020 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 54,6%-ға артық. Жылдық табыстылық 11,4%-ды, инфляция 7,4%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша нақты кiрiс 4%. Ағымдағы жылы кiрiс көрсеткiштерi өткен жылмен салыстырғанда едәуiр асады. Жалпы, 2020 жылы пандемия мен дағдарыс кезеңiнде инвестициялық табыс 1,3 трлн теңгенi, бұл абсолютi pекорд болып табылады. Осылайша, зейнетақы активтерiн басқару бойынша таңдалған стратегия өзін айтарлықтай тиімді көрсете білді. 

Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кіріс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі кіріс, валюталық қайта бағалау түріндегі кіріс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кіріс кіреді. 

БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық табысы 55%-ға ұлғайды

Ranking.kz сайтының мәліметінше, тұтастай алғанда, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға бiрiктiрiлген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық кiрiс шамамен 4,9 трлн теңгенi құрады. 2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегi таза инвестициялық табыстың үлесi 35,1%-ды құрайды. 

Бұдан басқа, Ұлттық банктің ұсынысы бойынша оның комиссиялық сыйақысының шекті шамасы инвестициялық табыстың 7,5%-ынан 2%-ға дейін 73%-ға төмендетілді, бұл да салымшылардың инвестициялық табысының өсуіне ықпал етеді. 

Өзгелердің жаңалығы