БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірісі 11,3% болды

22 Қаңтар 2019, 09:59
1534
Бөлісу:
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірісі 11,3% болды

Астана, BAQ.KZ. Өткен жылдың қорытындылары бойынша, Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі 2018 жылдың басынан бастап 20,6%-ға немесе 1,60 трлн теңгеге ұлғайып, 9,38 трлн теңге болды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2018 жылы БЖЗҚ-тың зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде нарықтық талаптармен жалпы сомасы 1,46 трлн теңгеге инвестицияланды.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шетел валютасындағы активтердің үлесі салымшылардың барлық зейнетақы жинақтарының 32,8%-ын құрады.

2018 жылдың қорытындылары бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен жоғары (5,3%) болып қалыптасты және 11,27% болды. Осылайша, БЖЗҚ салымшыларына олардың 5,97% мөлшердегі зейнетақы жинақтарына нақты кірістілік қамтамасыз етілді.

Қаржы құралдарын сатып алуды, сатуды және өтеуді қоса алғанда, басқару нәтижелерін, зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелердің мәліметтері мен өлшемдерін қамтитын БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша барынша толық ақпаратпен БЖЗҚ (www.enpf.kz/ru/indicators/invest/review.php) және Ұлттық Банктің (www.nationalbank.kz) сайттарынан танысуға болады. Бұл ақпарат ай сайын жарияланады.

 

Өзгелердің жаңалығы