Бас жаңалықтар
Бюджеттің 200 млрд теңге салымын, 800 млрд қылып қайтарады – министр
18 Ақпан 2020, 11:50 177

Бюджеттің 200 млрд теңге салымын, 800 млрд қылып қайтарады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 200 млрд теңге болатын бюджет салымынан қайтарылым 800 млрд теңгеге бағаланады. Яғни, салынған 1 теңге 4 теңге әкеледі" деп есептейді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Үкіметтің кезекті отырысында жаңа бағдарламаның тұжырымдамасын таныстырған министрдің айтуынша, "бағдарламаны іске асыру кезеңінде көмірсутегін барлауға, шамамен, 680 млрд теңге, қатты пайдалы қазбаларды барлауға 100 млрд теңге инвестиция тарту болжанып отыр".

Бағдарлама аясында аз зерттелген шөгінді бассейндердің мұнай-газ потенциалы бағаланады. Қатты пайдалы қазбалардың геологиялық зерттеулері бірінші кезекте моноқалалардың маңында жүргізіледі. Яғни, сол жерлердің терең қабаттарының перспективалары анықталады. Бағдарлама мемлекеттік бюджет және жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде көмірсутегін барлауға, шамамен, 680 млрд теңге, қатты пайдалы қазбаларды барлауға 100 млрд теңге инвестиция тарту болжануда. 2025 жылдың соңына қарай экономиканың бірнеше саласында мультиплекатив әсері бар бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізіледі. Біріншісі, еліміздің геологиялық зерттелу деңгейі 25 пайыздан 37 пайызға дейін арттырылады. Екіншісі, қатты пайдалы қазбалардың болжамдық ресурстары нақтыланып, перспективасы жоғары елуге жуық учаскелер анықталады. Үшіншісі, шөгінді бассейндердің геологиялық зерттелу дәрежесі арттыралады. Игерілген бассейндер бойынша 60 пайызға дейін, ал аз зерттелгендері бойынша 10 пайызға дейін өседі. Төртінші, пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарының өсімі қамтамасыз етіледі. Геологиялық ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Сала ардегерлері, геолог ғалымдар және ғылыми зерттеу институттарының қызметкерлері кеңінен тартылады. 

Бесінші пункте министр бюджет қаржысын 4 есе арттырып қайтаратынын жеткізді. Айтуынша, бағдарламаны іске асыру үшін алынған 1 теңге 4 теңге болып ел бюджетіне кіреді. Сонымен қатар, "6,3 трлн теңге инвестиция тартылып, 20 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады" дейді.

Бесінші, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 200 млрд теңге болатын бюджет салымынан қайтарылым 800 млрд теңгеге бағаланады. Яғни, "салынған 1 теңге 4 теңге әкеледі" деп есептейміз. Алтыншы, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында геологиялық барлау жұмыстарына қосымша 60 мыңға жуық адам жұмысқа тартылатын болады. Егер де шамамен жаңа 10 кен орны ашылған жағдайда оларды өндіріске дайындау мен енгізу кезеңдеріндегі жұмыстарға "6,3 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылып, 20 мың жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады" деп болжануда. Мұндай нәтижелер өңірлердің әлеуметтік мәселелерін шешуде оң әсер ететіні сөзсіз. Бұл тұжырымдама геология саласының мамандары мен ғалымдарының, қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен әзірленіп, талқыланды, - деп таныстырды 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасын министр.


Фото: дереккөз
Загрузка...