Бас жаңалықтар
Бюджет қаражатын жымқыру фактісі: Әлиев 10 жылға, Цой мен Хан 8 жылға сотталды
05 Наурыз 2021, 13:37 628

Бюджет қаражатын жымқыру фактісі: Әлиев 10 жылға, Цой мен Хан 8 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы жылдың ақпан айында «Зак Сервис» ЖШС директоры Р.П.Киреевке қатысты 2011-2012 жылдар кезеңінде Өскемен қаласында білім беру объектілерінің құрылысы бойынша жұмыстарды орындау кезінде алдау жолымен 1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деді ол.

Тергеуші атап өткендей, 2020 жылғы 25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалғаннан кейін Киреев 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрын «Шахтинск қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ басшысы М.С.Әлиевке және «Байтас ХХІ» ЖШС басшылары А.Д.Цой мен Д.П.Ханға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, олар бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша бұрын тіркелген қылмыстық істерді тоқтату туралы мәселені шешкені үшін ҚР БП лауазымды тұлғаларына жалпы сомасы 40 мың АҚШ долларын құрайтын пара беруге арандатушылық жасады деген күдікке ілінген, - деп айтты Бекайдаров брифингте.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының үкімімен Әлиев 10 жылға, Цой мен Хан 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Палодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында осыған ұқсас қылмыстардың жолы кесілді.


Фото: дереккөз
Загрузка...