Былтырғы бюджет қалай атқарылды. Министр жауап берді

17 Маусым 2021, 11:49
3625
Бөлісу:
Былтырғы бюджет қалай атқарылды. Министр жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенат отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуын таныстырды.

2020 жылы республикалық бюджеттің атқарылуы жаһандық дағдарысқа байланысты іскерлік белсенділіктің айтарлықтай төмендеуі жағдайында жүзеге асырылды. Жалпы ішкі өнім нақты 2,6%-ға төмендеді. Бұл негізінен карантиндік шаралардың енгізілуінен қызметтер көрсетудің 5,4%-ға төмендеуіне байланысты болды, - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, экономиканың нақты секторы 2%-ға өскенін көрсетті.

Ал негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемі 3,4%-ға төмендеді. Бюджеттің басым бағыттары төтенше жағдай кезінде азаматтарды және нақты секторды қолдауға арналған шығыстар болды. Бұл - әлеуметтік төлемдерді индекстеу, шағын және орта бизнес субъектілеріне салық ауыртпалығын төмендету, «Жұмыспен қамту жол картасы», «Бизнес жол картасы», «Еңбек» және басқа да бағдарламалар, - дейді министр.

Ол экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар қабылданғанын айта кетті.

Зардап шеккен салалардан шамамен 700 мың кәсіпкер салықтық ынталандыру және жеңілдік шараларымен қамтылды. Шағын және орта бизнестің 40 мыңға жуық жобасы арзандатылған мөлшерлемемен қаржыландырылды.

Зардап шеккен салаларда қарыз алушылардың 80%-ы кредиттер бойынша төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігін алды, - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы