Былтыр жол бойындағы белгілерді ұрлаудан 60 млн теңге шығын келген

12 Мамыр 2022, 17:24
2567
Бөлісу:
Былтыр жол бойындағы белгілерді ұрлаудан 60 млн теңге шығын келген
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Елдімекендер маңында жол белгілері мен құралдарын ұрлау тыйылмай тұр. Бұл туралы «Қазақавтожол» ЖШС-нің Алматы облыстық филиалының бас инженері Берік Сарқытбаев айтты.

Оның айтуынша, жол жиегіне орнатылған жол белгілері мен қоршауларды, жарықтандырғыштарды халық ұрлап әкетеді екен.

Былтыр жол бойындағы белгілерді ұрлаудан 60 млн теңге шығын келген

Жол белгілері мен өзге де құралдарды адамдар үйдегі тұрмыстық мақсатта пайдалану үшін ұрлайды. Бірі қаңылтыр белгіні қазан жапқыш етіп пайдаланса, енді бірі жол жиегіндегі темір торларды ұрлап әкетіп қора-жабдығына пайдаланады. Биыл Алматы облысында 350 метрлі темір тор қолды болды. Ол жануарлардың жолға шығып кетпеуі үшін орнатылған еді, - дейді Сарқытбаев.

Былтыр жол бойындағы белгілерді ұрлаудан 60 млн теңге шығын келген

«Қазақавтожол» ЖШС-нің баспасөз қызметінің басшысы Адина Айнаева былтыр республика бойынша жол белгілерін ұрлаудан 60 млн теңге шығын келгенін айтады.

Былтыр жол бойындағы белгілерді ұрлаудан 60 млн теңге шығын келген

Жол белгілерін сол маңдағы ауыл тұрғындары тұрмыста қолдану үшін алып кетеді. Әсіресе жолды бөліп тұратын темір брустарды ұрлап әкетеді. Ол жүргіншілердің қарсы бетке өтіп кетпеуі үшін сақтық шарасы ретінде орнатылған. Жол белгілері мен құралдарын ұрдау жол қауіпсіздігінің төмендеуіне әкеледі.  Жануарлардан қорғайтын торларды ұрлап кеткендіктен малдар жолға шығып кетеді, оның арты жол апатына, қайғылы жағдайға жеткізеді, - дейді ол.

Жол белгісін ұрлау жағдайы анықталғанда арнайы акті толтырылып, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады екен.

Былтыр жол бойындағы белгілерді ұрлаудан 60 млн теңге шығын келген

Жол белгілерін ұрлау, қоқыс тастау әр адамның ішкі мәдениетіне байланысты. Қазір біздің қызметкерлер жол бойындағы елдімекен әкімдігі, учаскелік полицеймен бірге әр үйге жекелей кіріп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар жол белгілерін ұрлауды салдарын, малдарын жол бойына жібермеу бойынша түсіндіру жұмысарын жүргізеді.

Былтыр жол бойындағы белгілерді ұрлаудан 60 млн теңге шығын келген

Сонымен қатар ол малдың жолға шығып кету жағдайлары әсіресе Маңғыстау облысында жиі болатынын жеткізді.

Былтыр жол бойындағы белгілерді ұрлаудан 60 млн теңге шығын келген
Былтыр жол бойындағы белгілерді ұрлаудан 60 млн теңге шығын келген

Қазір көптеген жол-көлік оқиғасы жануарлармен соқтығысу салдарынан болып жатыр. Малына ие болмағандар да азаматтық жауапкершілікке тартылады. Малдардың көбінің құлағында сырғалары болмайды, сол себепті ол кімдікі екенін анықтау қиынға түседі. Ол жерде адам шығыны да, материалдық шығын да болып жатады. Тым болмаса түнгі уақытта малдарын қараусыз қалдырмаса дейміз. Қазір жолда малдың көлікпен соқтығысуы жөнінде Маңғыстау алда тұр. Сондықтан ол жақтағы ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Айнаева.

Былтыр жол бойындағы белгілерді ұрлаудан 60 млн теңге шығын келген

Оның айтуынша, 2021 жылы жануарлардың қатысуымен 109 жол-көлік оқиғасы болған. Оның ішінде 139 адам жарақат алып, 30 адам қаза тапқан. Ал, 2022 жылдың І тоқсанында 11 жол-көлік оқиғасы болып, 13 адам жарақат алса, 3 адам қаза тапқан.

Өзгелердің жаңалығы