Былтыр мемлекет мүддесін қорғауға 2,1 млрд доллар жұмсалған

22 Қаңтар 2021, 10:29
1266
Бөлісу:
Былтыр мемлекет мүддесін қорғауға 2,1 млрд доллар жұмсалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев 2020 жылдың атқарушылық іс жүргізу саласындағы жұмыс қорытындысы мен 2021 жылға арналған басым міндеттер туралы өткен алқа отырысында айтты. 

2020 жылы мемлекет мүддесі шамамен 2,1 млрд АҚШ долларына қорғалған. Мәселен, өткен жылы Трибунал 2016 жылы канадалық Gold Pool компаниясының талап арызы бойынша Қазақстанның пайдасына шешім шығарды және 917 млн АҚШ доллары мөлшерінде талап арызды қабылдамады. 2020 жылдың қараша айында ағылшын соты ҚР апелляциялық талаптарын қанағаттандырып, «Уорлд Уайд Минералс» канадалық компанияның талабы бойынша төрелік трибуналдың бұрын шығарған шешімін жойды, - деді ол. 

Вице-министр сот ҚР-ға жарты миллион АҚШ долларына өтем беріп, олар 2021 жылдың 12 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының Қазынашылық департаментінің шотына келіп түскенін айтты.

Бұдан басқа өткен жылы Әділетмині Ұлттық қор мен «Самұрық-Қазынаның» активтерін заңсыз қамауға алумен байланысты Стати ісі бойынша Республика үшін маңызды шешімдер шығаруға қол жеткізді. 2020 жылғы 22 сәуірде ағылшын соты Қазақстанның пайдасына шешім шығарып, Ұлттық қордың активтері Статидің талабы бойынша тыйым салынбайды деп қаулы етті, - деді ол. 

Сонымен қатар вице-министр сот Статиге Ұлттық банкке және Қазақстан Республикасына 3,7 млн АҚШ долларынан астам мөлшеріндегі сот шығындарын төлеуге міндеттегенін айтты.

Қазіргі уақытта Нидерландыда, Швецияда, Люксембургте, Бельгияда және Ұлыбританияда орындау процестері алынып тасталды және тоқтатылды. 2021 жылға арналған міндеттер халықаралық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, болашақта төрелік даулардың туындауының алдын алуда ҚР Үкіметінің жұмысына жәрдемдесетін ірі инвестициялық келісімдер мен жобаларды сүйемелдеу болып табылады, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алмат Мадалиев 2020 жылдың атқарушылық іс жүргізу саласындағы жұмыс қорытындысы мен 2021 жылға арналған басым міндеттер туралы өткен алқа отырысында өндіріп алушылар пайдасына 7 трлн теңге көлемінде атқарушылық іс жүргізілгенін айтты. 

Өзгелердің жаңалығы