Былтыр азық-түлік 9,6%-ға қымбаттаған

18 Маусым 2020, 10:47
1207
Бөлісу:
Былтыр азық-түлік 9,6%-ға қымбаттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Былтыр азық-түлік 9,6%-ға қымбаттаған. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Сенат отырысында айтты.

Ұлттық банк пен Үкімет, жергілікті органдар бірлесіп 2019 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияны 4,6% нысаналы дәлізде ұстап қалды. 2019 жылдың соңында инфляция 5,4% болды. Инфляцияға өткен жылдың қорытындысы бойынша 9,6% қымбаттаған азық-түлік тауарлары ең үлкен үлес қосты. Бұл жекелеген тамақ нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныстың дисбалансына байланысты болды, - деді Баймағамбетов. 

Оның айтуынша, баға тұрақтылығы бойынша мандат аясында Ұлттық банк 2019 жылы базалық ставканы 9-9,25% деңгейінде орнатты. 

Ақша-кредиттік реттеу құралдарын жетілдіру үшін депозиттік аукциондар енгізіліп, ең төменгі резервтік талаптар өзгертілді. Шығарылатын ноталар мерзімі ұлғайтылды. Бұл банктік өтімділікті тиімді алуға және оның инфляция мен валюта ағымын шектеуге мүмкіндік берді, - деді ол. 

Ақылжан Баймағамбетов айтып өткендей, айырбастау бағамы 0,4%-ға нығайған. 

Жалпы халықаралық резерв өткен жылы 2%-ға артты. Алтын валюта қоры 29 млрд долларға жетті. Ұлттық қордың активі 6,5%-ға артты. 2019 жылы банк жүйесіндегі депозиттер үлесі 2,5%-ға артып, 19 трлн теңгені құрады. Ұлттық валютадағы салым 13,1%-ға өсті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы