БҰҰ: COVID-19 таралу себептерінің бірі - вакцинаның қолжетімсіздігі

18 Қазан 2021, 22:24
51254
Бөлісу:
БҰҰ: COVID-19 таралу себептерінің бірі - вакцинаның қолжетімсіздігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы бір траншы Индонезияға түсті. Pfizer препаратының 2 585 700 дозасы Батыс Ява, Орталық Ява және Джокьякарта провинциялары арасында бөлінді. 

Ел билігі COVID-19 вакциналарының үлкен қорын жасады, Индонезияда вакцинаның 285 076 400 дозасы бар. Вакцинаның алғашқы дозасын алған азаматтардың саны 51,3% немесе 107 млн адамға жетті, 30% немесе 62 млн адам толық иммундау курсынан өтті. Бірақ бұл 240 миллионға жуық халқы бар ел үшін жеткіліксіз болып табылады.

Коронавирустың жаңа штамдары өмір сүру деңгейі төмен және медициналық жағдайы нашар елдерде пайда болуда. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш әлемде COVID-19 таралуының себептерінің бірі вакциналардың қолжетімсіздігі және пандемияға байланысты экономикалық дағдарыстың ушығуы деп санайды.

Вакциналарды таратудағы теңсіздік COVID-19 жаңа нұсқаларының дамуына және өсуіне мүмкіндік береді, әлемде осы аурудың құрбандарының одан да көп артуына және экономикалық құлдырауды жалғастыруға мүмкіндік бермек, - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, Гутерреш вакциналарды таратуда теңдік көзқарас болмаса, SARS-CoV-2 жұқтыру жағдайларының тұрақты төмендеуіне қол жеткізу ешбір елде мүмкін болмайтынын айтты.

Латвияда коронавирустың таралу жағдайларының өсуіне байланысты қатаң локдаун енгізу қажет, деп хабарлады елдің Денсаулық сақтау министрі Даниэльс Павлютс. Шенеуніктің пікірінше, қатаң қауіпсіздік шаралары қоғамдағы байланыстар санын кем дегенде 40%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Пандемияға қарсы күрес шаралары ретінде спорттық, ойын-сауық, мәдени, қоғамдық, діни және сауықтыру сипатындағы кез келген жиналыстар мен іс-шараларды шектеу, қызметкерлердің максималды бөлігін қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру және мектеп демалысынан кейін балаларды қашықтықтан оқытуға көшіру ұсынылады.

Беларуссияда коронавирустық инфекцияның саны 2 мыңға дейін жетеді. Өткен тәулікте 1 956 COVID-19 тасымалдаушысы анықталды. Пандемия басталғаннан бері жалпы саны 573 943 адамға жетті. Пациенттердің келуіне байланысты медициналық ұйымдар осы санаттағы науқастарды емдеуге бағытталған. 

Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық-емханалық ұйымдарда жоспарлы медициналық көмек көрсетуді уақытша тоқтата тұрған бұйрыққа қол қойды, - деп Үкімет хабарлады.

Мұндай шешім COVID-19 инфекциясын жұқтырған пациенттерге медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы