Бас жаңалықтар
Ақтөбе облысындағы жол апаты салдарынан бүтін бір отбасы жанып кетті
16 Қыркүйек 2019, 14:54 440

Ақтөбе облысындағы жол апаты салдарынан бүтін бір отбасы жанып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 қыркүйекте сағат 03.45-те «Самара-Шымкент» тасжолының 934 шақырымында Әйтеке би ауданы Белкопа елді мекеннің маңындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бүтін бір отбасы қаза болды.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мазда-кронус» автокөлігінің жүргізушісі, Темір ауданының тұрғыны, Қарабұтақ ауылынан Ақтөбе қаласына келе жатқанда «Самара-Шымкент» тас жолының 934 шақырымында, жолдың қарсы бетіне шығып, қарсы келе жатқан «Опель-Вектра» автокөлігімен соқтығысқан. Жол көлік апатынан «Мазда» автокөлігіндегі газ баллон тұтанып, өртке оранған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Опель-Вектра» автокөлігінің жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді, онын жұбайы және баласы оқиға орнында көз жұмды. «Мазда-кронус» автокөлігінің жүргізушісі, онын жұбайы, баласы және немересі апат салдарынан көлік салонының ішінде өртеніп кетті», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалануы кезінде, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан).



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...