Бүгін солтүстікте бұрқасын болады

12 Наурыз 2019, 08:15
2066
Бөлісу:
Бүгін солтүстікте бұрқасын болады

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың батысында көбінесе жаңбыр жауады. 

Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын болуы ықтимал.

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді.  

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман көктайғақ, бұрқасын күтіледі, кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай облысында жел 17-22 м/с күшейеді, кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 

Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. 

Ақтөбе, Атырау ​​облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы