«Бурандар» Дәурен Мұсаға емес, «Байқоңырға» тиесілі – Мусин

9 Қыркүйек 2021, 18:35
3681
Бөлісу:
«Бурандар» Дәурен Мұсаға емес, «Байқоңырға» тиесілі – Мусин

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Бурандар» Дәурен Мұса деген азаматқа емес, «Байқоңыр» РҒК АҚ-ға тиесілі. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Дәурен Мұса мырза өз постында Қазақстан билігі үш жылдан бері онымен соттасып келе жатқандығын жазыпты. Расымен осылай және бұл процесті жалғастыра бермекпіз, себебі біздің мақсатымыз – заңдылық пен әділдік орнатып, мемлекетке тиесілі меншіктерді, соның ішінде «Буранды» да қайтару. Әуел баста «Байқоңыр» РҒК АҚ компаниясы «КРИСП Аэлита» ЖАҚ деген атаумен. Байқоңыр айлағының мүлкін сақтау үшін Қазақстан және Ресей мемлекеттік компанияларының ( «Инфракос» РМӨ и «Энергия» РҒК) бірдей қатысуымен құрылған болатын. Яғни «Бурандар» Дәурен Мұса деген азаматқа емес, «Байқоңыр» РҒК АҚ-ға тиесілі, - деп жазды министр.  

Мұса мырза осы халықаралық компанияның бірлескен иесіне айналып, атауын да өзгертіп жіберген. 

Ол үш шарт аясында компаниядағы үлеске қол жеткізіпті. Соның екеуін сот заңсыз деп таныды. Үшінші шарттың да заңсыздығын дәлелдемекпіз. Біз Дәурен Мұсаның бұл компанияға, мүлікке және «Бурандарға» иелік етуге ешқандай құқығы жоқ деп есептейміз, - деп жазды Мусин.

Өзгелердің жаңалығы