Бурабайда қайық аударылып, 5 адам суға батып кете жаздады

20 Маусым 2021, 20:48
1528
Бөлісу:
Бурабайда қайық аударылып, 5 адам суға батып кете жаздады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Бурабай көлінде бес адам отырған қайық аударылып кетті.

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 

Бүгін сағат 17:45-те Бурабай ауданындағы Бурабай көлінде ТЖД күшімен бес адам құтқарылып, жағаға жеткізілді, олар отырған шағын яхта жүзу кезінде аударылып кетті, - делінген Талғат Уәлидің мәлімдесінде. 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Осы ретте ТЖМ дауыл кезінде көлде суға шомылуға және қайықпен жүзуге болмайтынын ескертеді.


Өзгелердің жаңалығы