Бурабайда "Қансонар-2019" халықаралық турнирі өтеді

6 Желтоқсан 2019, 10:39
2488
Бөлісу:
Бурабайда "Қансонар-2019" халықаралық турнирі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-13 желтоқсан күндері Бурабай баурайында саятшылардың "Қансонар-2019" халықаралық турнирі өтедi.

Тәуелсіздік күніне және атақты бүркітші Мәсіп Батырхановты еске алуға арналған турнирге Қазақстанның 12 облысынан, сондай-ақ, Венгрия, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай және Ресей елдерінен құс тілін білетін, ақсүйек өнерді жанына серік еткен саятшылар қатысады деп жоспарланған.

Турнир бағдарлама бойынша "Бүркітпен аң аулау", "Сұңқармен аң аулау" және "Қаршығамен аң аулау" сияқты үш кезеңнен тұрады.

Өзгелердің жаңалығы