Бурабайда жыл сайынғы VeloBurabay 2019 велошеруі өтті

28 Сәуір 2019, 15:47
2057
Бөлісу:
Бурабайда жыл сайынғы VeloBurabay 2019 велошеруі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бурабай курортында жыл сайынғы «VeloBurabay 2019» велошеру өтті. Шараға 200-ден астам адам жиналды. Сөреге шыққандардың арасында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев та бар.

Қазақстан халықтарының бірлігі күні мен Жастар жылына орай Бурабай курортында жыл сайынғы «VeloBurabay 2019» велошеруі өтті. 

«Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан барлықтарыңызды қарсы алып, сәтті стартты тілегім келеді. Мұндай велошеруді өткізу туристік маусымның ашылғанын білдіреді. Бүгін сіздер веложарыстан ұмытылмас әсер аласыздар деген сенімдемін. Оған қоса сіздер жалғыз келген жоқсыздар, өздеріңізбен бірге балаларыңызды әкелдіңіздер. Біз әрдайым сіздерді Буробай курортында қарсы алуға дайынбыз!» - деп айтты ол.

Велошеруге тіркелген 200 астам адамның 100 жуығы стартқа шыққан. Олардың арасында кәсіби спортшылар, мемлекеттік мекемелер мен ҮЕҰ өкілдері,  бизнесмендер және велоспорт жанкүйерлері бар. Олар 28 шақырымдық жолды бағындырды.
Өзгелердің жаңалығы