Бурабайда энергетиктер бас қосты

5 Шілде 2019, 20:51
2000
Бөлісу:
Бурабайда энергетиктер бас қосты

Ақмола облысы, BAQ.KZ. «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңының қабылдануының мерейтойлық жылында «Solar Fest Qazaqstan» І Халықаралық іскерлік фестивалі өтті.

Аталған Заң 2009 жылы 4 шілдеде осыдан 10 жыл бұрын қабылданған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы ҚР Премьер-Министріне 4 шілдені жыл сайынғы «ЖЭК қызметкерлері күні» кәсіби мерекесі ретінде енгізу туралы өтініш жасаған.

Іскерлік шараның аясында алдағы жылдары және болашақта ЖЭК пайдалану мен дамыту мәселелерінде неге қол жеткізгіміз келеді сынды сұрақтардың жауабын табуға тырысты.

Фестиваль Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Сұңғат Есімхановтың, «Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапеновтың, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалидың, БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Бериштің қатысуымен өткен брифингтен басталды.

Ары қарай «ҚР жаңартылған энергетиканы дамытудың мемлекеттік саясаты: қолдаудың жаңа механизмдері» атты пленарлық отырыс өтті.

Аталған шара барысында семинарлар, «Жастар бесминуттығы» өтті, «Күн-Энергия-Өнер» тақырыбында экологиялық сурет байқауына қатысқан балалардың шығармашылық жұмыстарының көрме-тұсаукесері ұсынылды.

«Solar Fest Qazaqstan» фестивалінің қорытындысы Хартия – салалық қауымдастықтың атынан ҚР Үкіметіне үндеу болмақ. 
Өзгелердің жаңалығы