Бас жаңалықтар
Бұл жолғы сайлау демократияның жарқын үлгісі – Сәдібек Түгел
PHOTO
09 Маусым 2019, 10:31 384

Бұл жолғы сайлау демократияның жарқын үлгісі – Сәдібек Түгел

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түскен Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел 136 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді.

"Бүгін сайлауға қырық жыл отасқан жарыммен бірге келіп, дауыс беріп отырмын. Біз үшін әр дауыс маңызды. Себебі біз бірлігіміз, тәуелсіздігіміз, балаларымыздың болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз", - деді сөз басында Сәдібек Түгел.


Сонымен қатар, ол бұл жолғы сайлауды демократияның жарқын үлгісі деп атап өтті.

"Тәуелсіздік алған жиырма сегіз жылда бірқатар сайлау өткіздік. Бұл жолғы сайлау ерекше сайлау. Ол демократияның жарқын үлгісі. Оған мына мен дәлел бола аламын. Мені ресейлік бақтар "типичный казак" деп атап жатыр. Ия, мен халықтың ортасынан шыққан қарапайым қазақпын. Шапанымда әрқашан үстімде. Мен ешқандай партияның атынан емес, Ұлы дала қырандары қоғамдық бірлестігінің атынан алғашқылардың бірі болып құжатымды тапсырдым және оны қабылдады. Демократия деген осы. Бүгін тіпті дауыс беруге келген халықтың қарасы да қалың", - деді Сәдібек Түгел.


Кандидаттың бұл сөзін 136 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Мадина Нұрбековада қостап отыр.

"Дауыс беру сағат 7:00 басталды. Жалпы сайлаушылар көптеп келуде, олардың қатарында орта жастағылардың үлесі басым. Бүгін сайлауда алғаш дауыс беруге келген 18 жасқа толған үш азаматқа сыйлық бердік. Біздің учаскеде 4427 адам тіркелген. Сағат кешкі сегізге дейін барлығы келіп дауыс береді деген үміттеміз", - деді Мадина Нұрбекова.


Фото: автордан
Загрузка...