Бұл сайлаудың бұрынғылардан жөні бөлек – Әшімбаев

10 Қаңтар 2021, 11:25
2061
Бөлісу:
Бұл сайлаудың бұрынғылардан жөні бөлек – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында ел азаматтары дауыс беруде белсенділік танытуы қажет екенін жазды.

Бұл сайлаудың бұрынғылардан жөні бөлек – Әшімбаев

Бүгін - ел дамуындағы маңызды күндердің бірі. Әсіресе, қазіргідей күрделі кезеңде бұл сайлаудың бұрынғылардан жөні бөлек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бірқатар саяси реформаның алғаш рет осы науқанда іске асырылып жатқанын да жақсы білеміз. Соның ішінде партиялық тізімдерге әйелдер мен жастарға арнайы 30 пайыздық квотаның енгізілуін, парламенттік оппозиция институтының заңмен бекітілуін және саяси партияларды тіркеу тәртібінің жеңілдетілуін ерекше атап өтуге болады, - деді ол.

Бұл сайлаудың бұрынғылардан жөні бөлек – Әшімбаев

Сенат төрағасының айтуынша, дауыс беру – әр адамның азаматтық құқығы және борышы.

Жалпы, бүгінгі сайлау Президентіміздің әлеуметтік-экономикалық бастамаларын табысты жүзеге асыруға және Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тың серпін береді деп сенеміз. Ол үшін азаматтарымыз дауыс беруде белсенділік танытуы қажет. Мен де бүгін сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру – әрқайсымыздың азаматтық құқығымыз және борышымыз. Бұл – әр азамат үшін мемлекеттің дамуына ықпал ететін мүмкіндік. Сол себепті, еліміздегі барша сайлаушыларды осы мүмкіндікті жібермей, саяси науқаннан қалыс қалмауға шақырамын, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы