Бұл мейрам жанашырлық пен қайырымдылыққа үндейді – Мамин

7 Қаңтар 2021, 09:04
1233
Бөлісу:
Бұл мейрам жанашырлық пен қайырымдылыққа үндейді – Мамин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Қазақстанның православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын. 

Мейірім мен сүйіспеншілік, әділдік тәрізді мәңгілік құндылықтардың нышанына айналған ізгі мейрам жанашырлық пен қайырымдылыққа үндейді. 

Сенім адамдарды рухани жетілуге әрі игілікті істерге жетелейді. 

Рождество — көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайта түсетін жарқын да ізгі мерекелердің бірі. Православие христиандарына, барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық және игілік тілеймін! 

Мереке әр шаңыраққа шаттық пен бақыт сыйласын.    

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин

Өзгелердің жаңалығы