Бас жаңалықтар
Бұл мерекенің егемендігіміз үшін маңызы зор – Мәулен Әшімбаев
01 Желтоқсан 2020, 16:14 233

Бұл мерекенің егемендігіміз үшін маңызы зор – Мәулен Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың фейсбук парақшасындағы Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

Құрметті достар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Бұл мерекенің елдігіміз бен егемендігіміз үшін маңызы зор. Себебі, 1 желтоқсан ұлт шежіресіне халқымыз кемел келешек жолында тарихи таңдау жасаған күн ретінде жазылды. Шын мәнінде, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен жеңістері Елбасымыздың ерен еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.

Тұңғыш Президентіміз сайланған күнді жалпыұлттық мейрамға айналдырып, кең көлемде атап өтуді халықтың Елбасына деген ерекше құрметі деп қабылдауымыз керек. Елбасына көрсетілген құрмет – тәуелсіздікке жасалған тағзым. Кеше өткен халықаралық конференцияда да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет қалыптастыру жолындағы ерік-жігері мен қажыр-қайраты туралы сөз қозғап, тарихи шешімдеріне тоқталған едік.

Елдің мерейін өсіретін мереке құтты болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...