Таразда букмекерлік кеңсеге ұрлыққа түскендер ұсталды

27 Қаңтар 2020, 15:34
1401
Бөлісу:
Таразда букмекерлік кеңсеге ұрлыққа түскендер ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 және 20 жастағы азаматтар заңсыз түрде букмекерлік кеңсенің есігін бұзып кіріп, алты теледидарды сыртқа алып шыққан сәтте ұсталды.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

2020 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 05.00-де Тараз қалалық Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бейнебақылау операторы Азат Әбіл камерадан белгісіз заттарды тасып жүрген, іс-әрекеттері күдік туындатқан адамдарды байқады.


Инспектор жағдайды бірден патрульдік экипажға баяндайды. Патрульдік полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келіп, күдікті үш азаматты ұстады. Түсінік алу барысында 19 және 20 жастағы азаматтар заңсыз түрде букмекерлік кеңсенің есігін бұзып кіріп, алты теледидарды сыртқа алып шыққандығы анықталды, - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақыттта аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы