«Жамбыл – адалдық алаңы» БАҚ арасында байқау жариялады
16 Қараша 2021, 16:51 50

«Жамбыл – адалдық алаңы» БАҚ арасында байқау жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл туралы жарық көрген ең үздік жарияланымдар байқауын ұйымдастыруда. 

Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жарық көрген ең үздік жарияланым байқауы (мақала, журналисттік зерттеу, бейнеролик және т.б.)  облыстың БАҚ өкілдері (журналистер) арасында жүргізіледі. Аталған тақырыптағы материалдар республикалық, облыстық, қалалық және аудандық БАҚ-да жариялануына болады. 

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру формаларының және әдістерінің тиімділігін арттыру, жұртшылық арасында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға БАҚ өкілдерін тарту болып табылады.

Байқау шарттары төмендегідей: 

1. Байқауға облыс аумағындағы газет, журнал редакцияларының, интернет басылымдардарының, теле-радиоарналардың және ақпараттық агенттіктердің журналистері қатыса алады (басқа сала мамандарына қатысуға болмайды). 

2. Байқауға 2020 жылдың қаңтарайынан қазан айына дейін БАҚ-та жарық көрген материалдар (мақалалар, бейнематериалдар) қабылданады.

3. Жарияланған материалдар келесідей талаптарға сәйкес дәлелденуі тиіс:

1) телеарнадағы және радио шығарылымдар – компакт-дискідегі жазылыммен;

2) баспа бетіндегі жарияланымдар – газеттің түпнұсқасының көшірмелерімен;

3) интернет ресурстарда орналастырылған материалдар - web – адресіне сілтемесі көрсетілген web-парағының көшірмесімен.

4. Ұсынылған материалдар байқау комиссиясына кері байланыс мәліметтерімен конвертте ұсынылады.

Байқау қорытындысы үш бөлек номинация бойынша (үздік бейнематериал, үздік баспа басылымы және үздік интернет жарияланымы) 2021 жылдың 20 қарашасы шығарылады.

1, 2 және 3 орын иеленген қатысушылар бағалы сыйлықтармен және Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің хаттарымен марапатталады.

Байқау Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Адал қоғам» ҚБ мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисімен өткізілуде.


Фото: дереккөз
Загрузка...