Бүгіннен бастап Алматыдағы №34 автобустың бағыты өзгерді

6 Мамыр 2021, 11:35
1287
Бөлісу:
Бүгіннен бастап Алматыдағы №34 автобустың бағыты өзгерді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 6 мамырдан бастап №34 автобустың бағыты өзгереді. Бұл туралы «Алматыэлектротранс» ЖШС хабарлады.

Енді автобустар әл-Фараби даңғылымен соңғы аялдама «Арман автостанциясына»  дейін бағыттап, әрі қарай Жароков көшесіне дейін барып, сол жерден бұрылып, кері қарай әл-Фараби даңғылымен Мұстафин көшесіне қарай жүреді.

Әрі қарай сызба бойынша.


Бүгіннен бастап Алматыдағы №34 автобустың бағыты өзгерді

Автобустар таңғы сағат 5:45-тен түнгі 23:05 дейін, араға 10 минут салып жүреді.

Айта кетсек, 20 сәуір күні бұл маршрут газбен жүретін жаңа 20 автобуспен толыққан. 12 метрлі жаңа автобустарға 90 адам сияды. Үш есігі бар, ортаңғы есіктен мүмкіндігі шектеулі арбада отырған адамды қабылдай алады. 


Өзгелердің жаңалығы