Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

16 Сәуір 2019, 19:31
2209
Бөлісу:
Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 сәуірден бастап А. Қашаубаев көшесі бойындағы «Қараөткел-2» тұрғын үй алабында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автобус қатынасы шектеледі, деп хабарлады «Аstana LRT» ЖШС баспасөз қызметі.

«№35, 36 және 103 бағдарлары бастапқы аялдама пункттерінен Беғазы Дәндібай көшесі – Ә. Қашаубаев көшесі қиылысына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Исатай батыр көшесінде солға, ары қарай Үкілі Ыбырай көшесінде солға, әрі қарай соңғы аялдамаға дейін оңға жүреді. Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қатынайды.», - делінген хабарламада.

Мекеме хабарлағандай, қозғалыстын қалпына келтірілуі туралы қосымша ақпарат берілетін болады.

Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді






Өзгелердің жаңалығы