Бүгінгі жастар артық тойлау мен ысырапшылдықты қаламайды – Қырымбек Көшербаев

4 Маусым 2021, 17:07
3839
Бөлісу:
Бүгінгі жастар артық тойлау мен ысырапшылдықты қаламайды – Қырымбек Көшербаев
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Біз – ел патриотымыз» халықаралық жастар форумында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді.

Бүгінгі жастар артық тойлау мен ысырапшылдықты қаламайды – Қырымбек Көшербаев

Жастар форумының рәміздер күнімен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар деп ойлаймын. Мемлекеттік рәміздер - егемендіктің нышаны болса, жастар - елдіктің кемел келешегінің кепілі. Сонымен қатар форум Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының аясында өтіп отыр. Тәуелсіздік - ғасырлар бойы ата-бабамыздың аңсаған арманы. Біздің - ұлттық идеямыз. Сондықтан ел ертеңі жастар үшін тәуелсіздіктен үлкен мұрат, асқан құндылық болмауы тиіс, – деді Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев.

Бүгінгі жастар артық тойлау мен ысырапшылдықты қаламайды – Қырымбек Көшербаев

Оның айтуынша, халқымыздың 20 пайызын 14-24 жастағы жастар құрайды. Ал балалар мен жасөспірімдерді қоса есептегенде бүгінгі қазақстандықтардың жартысы жас буын.

Бүгінгі жастар артық тойлау мен ысырапшылдықты қаламайды – Қырымбек Көшербаев

Осы тұрғыдан алғанда біз тарихы терең, болашағы жарқын, бойында жастығы жалындаған қуатты елміз деуге толық негіз бар. Ендеше барды бағалап, жоқты сығалап, төбемізден жаңылмай, тәуекелден тайынбай тәуелсіздіктің тасын өрге бірге сүйрейік! – деп атап өтті Көшербаев форумда.

Бүгінгі жастар артық тойлау мен ысырапшылдықты қаламайды – Қырымбек Көшербаев

Сонымен қатар ол жастардың ұлттық рухани байлықты сіңіріп келе жатқанын, артық тойды, шашуды құптамайтынын айтты.

Бүгінгі жастар артық тойлау мен ысырапшылдықты қаламайды – Қырымбек Көшербаев

Бүгінгі жастар артық тойлау мен бекер ысырапшылдықты қаламайды. Өйткені жас буындар жаһанданудың жаңа талаптарын бойына сіңіре білген. Ұлттық ділімізді, дінімізді сақтауы тиіс. Жастар үшін Отанның келешегі үшін отбасы бірінші кезекте тұруы қажет. Қазақ ұлты біздің көпұлтты мемлекетімізде жасампаз істердің ұйытқысы болуға міндетті, – дейді Қырымбек Көшербаев.

Бүгінгі жастар артық тойлау мен ысырапшылдықты қаламайды – Қырымбек Көшербаев

Айта кетейік, бүгін Елбасы кітапханасында «Біз – ел патриотымыз» атты жастар форумы өтті.

Бүгінгі жастар артық тойлау мен ысырапшылдықты қаламайды – Қырымбек Көшербаев

Өзгелердің жаңалығы