Бас жаңалықтар
Бүгінгі сайлауда келеңсіз жайттар болмады – байқаушы
10 Қаңтар 2021, 19:15 539

Бүгінгі сайлауда келеңсіз жайттар болмады – байқаушы

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Азаматтық альянсының сайлау рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық орталықтың басшысы Әділ Жүнісов брифинг барысында айтты.

Әр учаскеде біздің байқаушылар отыр. Олар бізге әр сәт сайын сайлау барысы туралы мәліметтер жіберіп отырды. Оның үстіне адамдардың сайлауға барып, дауыс беріп жатқаны қуантты,-дейді ол. 

Сонымен қатар, ол байқаушылардың негізгі міндетіне тоқталып өтті.

Біздің байқаушылар сайлауда қандайда бір заңбұзушылық пен кемшілікті тіркеу үшін отырған жоқ, олар сайлау барысын бақылады, әділ сайлау болуын қадағалады. Жалпы бүгінгі сайлауда келеңсіз жайттар болмады. Бұрын халықты сайлауға келтіру үшін түрлі шара қолданылып келсе, осы жолы адамдар дауыс беруге өз еркімен келді. «Саяси мәдениет» деген түсінік бар, бүгінгі сайлауда сол сақталды. Дауыс беруге келген әр адам өзінің азаматтық парызын орындады. Сайлауға мүлдем келмеген адам ештеңенің өзгергенін қаламайды немесе өзгеріс жасағысы келмейтіндер. Дауыс берген адамдар партиядан айтылған міндеттердің орындалуын талап ететін болады. Бұл өте керемет жағдай. Сондықтан дауыс беруге келген жандар еліміздің болашағы үшін таңдау жасады деп санаймын,-деді Жүнісов.

Сөз арасында ол бүгінгі сайлауда өз міндетін абыроймен атқарып жатқан байқаушыларға алғыс білдірді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...