Бас жаңалықтар
Бүгінгі күннің сезімі осы. Саиров алғашқы сезімімен бөлісті
14 Қаңтар 2021, 21:20 105

Бүгінгі күннің сезімі осы. Саиров алғашқы сезімімен бөлісті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжілістің депутаты ретінде бірінші жұмыс күнін өткердік. Орталық сайлау комиссиясында бізге депутаттық төсбелгі мен куәлік берілді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында су жаңа депутат Ерлан Саиров.

Фракция басшысы мен комитет басшылары сайланды. Nur-Otan партиясы төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұсынысы бойынша, фракция басшысы болып Нұрлан Нығматулин бірауыздан сайланды.
Сонымен қатар, бүгін біз бірлескен отырыс залында, Пленарлық мәжіліс залында қалай жұмыс істеу керек екендігін үйрендік, - деп жазды ол.
Сонымен қатар ол процедуралардың өзіндік техникалық ерекшеліктері бар екенін де айта кетті. 

Процедуралардың өзіндік техникалық ерекшеліктері бар. Кнопкаларды басу, сөз алуға өтініш берудің техникалық жағын қарастырдық. Депутаттық жұмыс заң творчествосы мен императивті мандат, яғни, еліміздегі қоғамдық- саяси, әлеуметтік мәселелерді қарастыра отырып, өзекті мәселелерді шешуден тұрады. Сонымен бірге Nur-Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іс-жүзіне асыруға жол картасын жасау көзделген.
2025 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру фракцияның басты назарында болатынын фракция басшысы Н.Нығматуллин баса айтты, - деп жазды Саиров.

Әлеуметтік желіде ашық болу, сарапшылармен заң жобаларын жүйелі түрде талқылау басты назарда болатындығы айтылды.

Ертең сағат 10:00-де Мәжіліске Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келіп мәлімдеме жасайды. Саяси реформалардың келесі пакеті күтілуде. Бүгінгі күннің сезімі осы. Шыны керек, Парламентте жұмыс істеуге біраз машық керек екен. Заң шығару техникасына үйренуге тура келеді. Нормативтік базаны меңгеру керек. Бұл мүлдем жаңа бағыт. Айтпақшы, мен халықаралық іс, қорғаныс, қауіпсіздік комитетіне тіркелдім. Бұл да басқа бағыт. Өзгерістер бізге де керек. Осы жерде, жұмыстың бағыт-бағдары, басымдықтары, Парламент иірімдері жөнінде жиі жазып тұруға тырысамын. «Арық айтып семіз шық» демекші, қоғам сұранысы деңгейінен шығуға тырысамыз. Бұл анық, - деп түйіндеді ойын.




Фото: дереккөз
Загрузка...