Бүгінгі күн алдағы өзгерістердің бастауы – Сұлтанов

10 Сәуір 2021, 15:24
1415
Бөлісу:
Бүгінгі күн алдағы өзгерістердің бастауы – Сұлтанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сауда жолдарын дамыту тұрғысынан маңызды оқиға туралы қуана хабарлаймын. Бұл туралы біз соңғы уақытта​ айтқан болатынбыз, өйткені бұл саланы жаңғыртумен үлкен перспективалар байланыстырамыз, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-министрлері А. Ұ. Мамин мен А. Н.Арипов "Орталық Азия" Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының құрылысына капсула салды.

"Орталық Азия" Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы​ "Жібек Жолы" және "Гишт Куприк" қолданыстағы​ шекаралық​ өткізу пункттерінде 400 га алаңда орналасқан. Оның аумағында заманауи әмбебап өткізу пункті пайда болады. Оның өткізу қабілеті тәулігіне екі бағытта да 35 мың адамға және 5 мың жүк автомобильдеріне бағаланады. "Орталық Азия" Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы​ аймақаралық және шекаралық сауда қатынастарының түбегейлі жаңа жүйесін құру идеясына "байланысты". Қазақстан мен Өзбекстанда дамытып отырған Көтерме - тарату орталығы мен Агро- логистикалық орталығы жүйесі Еуразиялық сауда легінің дамуының өзегі болуға тиіс. Біз сондай-ақ Өзбекстанның Сухандария және Ферғана облыстарында өзіміздің үш Көтерме - тарату орталығы салғымыз келеді, - деді министр.

2 ірі агломерацияның шекарасы мен түйіскен жеріндегі жаңа сауда-өнеркәсіптік және логистикалық алаңдар әрбір экономика үшін үлкен синергетикалық әсер береді.

Түркістан облысы өзбектердің Рессейге , Еуропалық Одақ пен Қытайға​ экспорты үшін маңызды рөл атқарады. Ташкент облысы Қазақстан үшін Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістанға транзиттік пункт болып табылады. Өзбекстанның тауар айналымының 50% - тен​ астамы Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтеді. Азиялық Даму Банкі бағалауы бойынша өңірлер арасындағы сауда да, транзиттік сауда да 2025 жылы 35% - ке және 2019 жылмен салыстырғанда 2030 жылы 65% -ке артады, - деді ол.

Шекара маңындағы сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту үшінші елдермен транзиттік сауданың - 2019 жылғы $23 млрд-тан 2030 жылы $37,9 млрд-қа дейін өсуіне де ықпал ететін болады.

Бұдан басқа, азық-түлік тауарларын өндіру бойынша кластерлік кооперациялық жобаларды құру кезінде өткізу нарықтары көлемінің әлеуеті (Ауғанстан, Тәжікстан, Түркіменстан, ҚХР, ЕАЭО елдері және Орталық Азия) $21 млрд-тан астам бағаланады. Сондықтан перспективалар мен даму жоспарларын ескере отырып, өзара саудада $10 млрд-қа қол жеткізуге болады деп ойлаймын. Біз бірыңғай цифрлық өткізу пунктін, уақытша сақтау қоймасы, көлік-логистика орталығын, автовокзал мен кірме жолдарды салу бойынша 1 – кезекті іске асыруға кірісуге дайынбыз, - деп жазды Сұлтанов.

2-ші кезек өнеркәсіптік сауда-сервистік аймақ құруды көздейді. Бұл өнеркәсіптік объектілер, бірлескен кооперациялық кәсіпорындар, сауда ойын-сауық орталығы және көтерме-бөлшек сауда орталықтары, кеңсе, қонақ үй объектілері, қоғамдық тамақтану пункттері.



Өзгелердің жаңалығы