Бүгін Юрий Ильин апаттың себебін анықтау үшін Абай шахтасына барады
12 Қараша 2021, 12:05 92

Бүгін Юрий Ильин апаттың себебін анықтау үшін Абай шахтасына барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенатта өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Абай шахтасына баратынын айтты.

Абай шахтасында болған қайғылы оқиғада 6 адам қаза тапты. Шахтада жұмыс тоқтатылды. Мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатыр. Апат кезінде 6 мың3 метан тараған болатын. Біз метанның шығарындысын датчиктердің көрсеткішінен байқадық. Соның салдарынан 100 тоннаға дейін көмір құлаған. Қазір үйінділерді жинау жұмыстары жиналып жатыр, - деп атап өтті ТЖМ басшысы.

Юрий Ильин Үкімет сағатынан кейін Қарағанды облысындағы апат орнына іссапарға шығатынын айтты.

Үкімет сағатынан кейін аварияның себептерін, алғышарттарын анықтау мақсатында сол жаққа (Абай шахтасы – ред.) жол жүремін, - деді министр Сенатта.

7 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға тиесілі Абай шахтасында апат болған еді. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 2 адам ауруханаға түсті. Қазіргі күні ауруханаға түскен 2 кеншінің денсаулық жағдайлары жақсы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...