Бүгін Шалқар мен Балқашта ауа сапасы нашарлайды

30 Қазан 2020, 07:37
1059
Бөлісу:
Бүгін Шалқар мен Балқашта ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 30 қазан күні еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы айтты.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін Шымкент қаласында және Қарағанды облысының Балқаш қаласында атмосфералық ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы