Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

29 Тамыз 2021, 09:01
22683
Бөлісу:
Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Адамзат тарихында жер бетіндегі тіршілік атаулысына, әсіресе адамдарға ең үлкен қасірет алып келген Семей ядролық полигонының жабылғанына биыл 30 жыл толыпты. Әзірге Қазақстан әлемде ядролық сынақ қаруынан өз еркімен бас тартқан жалғыз мемлекет болып отыр.

40 жыл Қазақстанды қан қақсатқан полигон
Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Семей полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылыстан тұрды. Сынақтардың 116-сы жер бетінде және әуе кеңістігінде жасалды. 


Полигонда әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болған екен.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Полигон аумағына Курчатов қаласы, реакторлар кешені, «Балапан», «Сары-Өзен», «Г» (Дегелең сейсмокешені), «Ш» (Тәжірибелік алаң) сынақ алаңдары, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдар кірген. Аталған алаңдардағы сынақтар атом қаруының жойғыш қауқарын айтарлықтай арттыруға ғана емес, сондай-ақ оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берген.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

1949 жылы 29 тамызда сағат таңғы 07:00-де асқан жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты шар жерді шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді. 

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Жарылған ядролық қарудың салдарынан бір түп шөп те қалмаған, Семейдің кең даласы қара жамылып кеткен. Ал жақын жатқан ауыл тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын қабылдаған. Бір өкініштісі, халыққа сынақ өткізілетіні туралы ескертілмеген де. Тек қана 4 жылдан кейін, яғни 1953 жылдан бастап халыққа ядролық қарулар сынақтан өткізіліп жатқаны айтыла бастапты.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық қаруды сынау адамдардың денсаулығына және табиғи ортаға орны толмас зиян тигізді. Халық арасында ауру-сырқау мен өлім-жітім көбейді. Әсіресе, өкпе мен сүт бездерінің обыры, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. 

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Семей полигонына жақын аудандарда физикалық дамуында түрлі ауытқулары бар, туа бітті мүгедек сәбилер дүниеге көп келеді. 

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Сынақ салдарынан адамдар ғана емес, жер беті де зардап шекті. Жылдан жылға жиналған радионуклидтер жердің құнарлылығын азайтқан.

Деректанушы, жазушы, Семей қасіретінің куәгері Медеу Сәрсеке 1949 жылдың 29 тамызында атомдық жарылыстың жаратылысқа әкелген сойқанды былайша сипаттаған.

Бомба қойылған 30 метр құрыш болаттан құйылған мұнараның суша ағып кетуі, топырақ балқып, қалыңдығы бір қарыс күйік қабаттың пайда болуы, жер мен көк от құйынның әлегіне түсуі, аумағы отыз шақырым даланың өртенуі (әскерилер екі тәулік бойы сөндірумен жанталасқан) сиырлар өкірген, бүркіттердің қанаты күйіп, көзі аққан, тау шыңы қаңбақша ұшқан, малдың терісі тырысып-бырысып күйіп, тырапай асқан, - дейді жазушы.
Семей аумағымен қоса, Павлодар, ШҚО және Қарағанды облыстарының полигонға жақын жатқан аудандары экологиялық апат аймағы деп танылды.

Қарап отырсақ, Семейдегі сынақ алаңының көлемі 18 мың шаршы шақырымнан асады екен. Бұндай аумаққа Словения, Бельгия, Израиль тәрізді мемлекеттер оп-оңай сиып кететін көрінеді.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

«Әрі қарай үнсіз қалу мүмкін емес». Тағдыршешті митингтің бастауы

1989 жылдың ақпанында «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өтті. 

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Оны белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов бастады. 

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Олардың мақсаты - Семейдегі атом полигонын жабу болды. Сөйтіп 1989 жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсыныс жасалып, КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу жолданды.

Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті. Сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады. Қазақстандағы ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық, - делінген үндеуде.
Жылдар бойы үнсіздік сақтап келген халық бір ауыздан «ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп көтерілді.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Соның арқасында полигондағы сынақтар азая бастады. Алғаш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу, яғни мораторий жасау туралы шешімге келді. Еліміздің егемендігі туралы декларацияда Қазақстан Республикасы «ядросыз аймақ» деп жария етілді. 1991 жылдың 28 тамызында сол кездегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлық шығарды. Сөйтіп 450-ден астам жарылыс жасалған әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының біріне айналған Семей полигоны біржола жабылып, 1992 жылдың мамыр айында полигон базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылған болатын.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бірі болған Назарбаевтың осынау бастамасының арқасында Семей полигонынан кейін әлемнің түкпір-түкпіріндегі сынақ алаңдары жаппай жабыла бастады.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Бұдан бөлек БҰҰ қаулысымен 29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды.

Тәуелсіздікті ядролық қарусыздану және жойқын қаруды таратпау жөніндегі бейбіт ұстаныммен қарсы алуымыз Елбасының саяси ерік-жігері мен салиқалы саясатының арқасында жүзеге асқаны анық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихта тұңғыш рет ядролық полигонды өз еркімен жабу жөнінде парасатты шешім қабылдауы арқылы әлемдегі қауіпсіздікті және бейбітшілікті қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Осы батыл әрекет әлем тарихында жарқын бет ретінде мәңгі қалатынына күмәнім жоқ, - деді Тоқаев.
Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Жақында Семейдегі бұрынғы сынақ алаңы туралы арнайы заң қабылданбақ. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.
Семей сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай, Министрлік «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң жобасын әзірледі, оның ережелерінде полигонның ластанған учаскелерінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және полигонның жарамды жерлерін шаруашылық айналымға беру үшін жағдайлар жасау көзделген, - деп атап өтті министр.
Оның сөзінше, 2021 жылы бұрынғы Семей сынақ полигонының бүкіл аумағын кешенді экологиялық зерттеуді аяқтау жоспарланып отыр. Зерттеуге жалпы ауданы 18 311 шаршы шақырымды, яғни аумақтың 100%-ын құрайтын жер қамтылған. Зерттеу нәтижесінде бұрынғы сынақ алаңының барлық аумағының радиоэкологиялық жағдайы анықталады. 
Бұрынғы полигон жерлерінің радиоэкологиялық жай-күйін анықтау мақсатында, сондай-ақ оның ластанбаған бөлігін тиімді пайдалану үшін 2008 жылдан бері осы аумақта кешенді экологиялық тексеру жүргізіледі. Ағымдағы жылы осы зерттеуді толық аяқтау жоспарланып отыр. Зерттеу нәтижелері бойынша шектеуге жататын нормативтен тыс ластанған жерлер және шаруашылық айналымға беруге жарамды шартты таза жерлер айқындалатын болады, - деді ол.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

ҚР Энергетика министрінің айтуынша, Семей сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл – бұл әлемдік қоғамдастықтың назарын ядролық қарудың таралу мәселесіне аударып, әлемді қалай қауіпсіз етудегі және «ұлттық трагедиядан – ядролық қарудан азат әлемге жету жолындағы ұлттық жетістікке жету» жолын өтудегі Қазақстанның үлгісін көрсетудің тағы бір мүмкіндігі болып табылады.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Әлемдегі ең әйгілі ядролық полигондар

Аламогордо (АҚШ)

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Полигон Нью-Мексико штатының оңтүстігінде, шамамен Аламогордо қаласынан 97 шақырым жерде орналасқан. 1945 жылы 16 шілдеде «Тринити» деп аталған тарихтағы алғашқы ядролық қару сынақтан өткізілді. Кейіннен қару әскери мақсатта, сонымен қатар жаңа қару-жарақ түрлерін сынау үшін қолданылып кетті.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Қазір Аламогордо елдің туристік нысанына айналды. Жарылыс болған жерлерде жыл сайын 1 қазан және 1 сәуір күндері экскурсия жүргізіледі.

Тынық мұхитындағы Атолла Бикини және Эниветок (АҚШ)

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

1946-1958 жылдар аралығында АҚШ Атолла Бикиниде 23 атом және сутек бомбаларын жарды. Ең жойқын жарылыс 1954 жылы 1 наурызда болды. Оның күші соншалық Хиросимаға тасталған мыңдаған атом бомбасының күшіне тең келген екен. Ядролық бомба салдарынан сынақ өткізілген бүкіл арал мен көршілес жатқан екі аралдың бір бөлігі жоғалып кетті. Бұдан кейін америкалық ғалымдар мен әскерилер КСРО-мен келіссөз жүргізуге келісіп, атмосферада ядролық сынақ өткізуге екіжақты мораторийге қол қойылды.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

1948-1958 жылдар аралығында Эвинетокта 43 ядролық сынақ өткізілді. 

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Аралдан бой тасалаған тұрғындар тек 1970 жылдары елді мекеніне қайта бастады. 1977 жылы Америка Үкіметі әскерилерді жіберіп, аралды залалсыздандыра бастады. 1980 жылы Атолл мекендеуге жарамды деп танылды. Ал 2000 жылы Эвинеток тұрғындарына $340 млн компенсация төленді.

Невада сынақ полигоны (АҚШ)

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Аталған сынақ полигоны Невада штатында орналасқан. Көлемі шамамен 3500 шаршы шақырымға жеткен. 1951 жылдан бері кәдеге жаратылды. 1953 жылы мұнда тарихта алғаш рет артиллериялық ядролық снаряд атылды. Жарылыстың жойқын болғаны соншалық ұшқыны Лос-Анджелестен көрінген деседі.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Полигон 1992 жылы жабылды. Оған «жер бетінде, аспанда және теңізде» ядролық жарылысқа тыйым салу туралы халықаралық келісімге қол қою түрткі болды.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Жалпы Невададағы полигонда 828 жерасты жарылыс болды. Салдарынан полигонның шығыс бөлігіндегі Юкка үстірті толығымен кратерлі аймаққа айналды. Ең үлкен кратер – Седанның диаметрі шамамен 400 метр, ал тереңдігі 100 метрге дейін барады.

Атолл Муруроа (Француз Полинезиясы)

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Ол Атолл Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан. 1966 жылдан кейін Францияның ядролық сынақ полигоны деген атаумен таныла бастады. 1966-1996 жылдары Муруроада 181 сынақ жүргізілді. Бұл жердегі сынақтар шахтаға снарядтың тұрып қалып, біршама тереңдікте жарылуынан кейін барып тоқтатылды.

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Салдарынан Атолдың суасты бөлігінде бірнеше шақырымға созылған жарық пайда болды. Сөйтіп мұхитқа радиобелсенді заттектердің түсу қаупі туындады. 1998 жылы Франция Атолда соңғы сынағын өткізіп, сынақ өткізудің халықаралық мораторийіне қосылды.

Лоб-Нор (Қытай)

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Қытай алғашқы ядролық бомбасын 1964 жылы Лоб-Нор көліне жақын орналасқан полигонда сынап көрді. 1967 жылы мұнда сутек бомбасы сыналды. Жалпы Қытай 47-ге жуық ядролық жарылыс жасаған. Оның жартысы жер бетінде және атмосферада жүзеге асырылған. 

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

6 ядролық жарылыстың қуаттылығы 3-4 мегатоннаға жеткен екен.

«Жаңа Жер» (КСРО, Ресей)

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

1954 жылы 31 шілдеде «Жаңа Жерде» «Объект-700»-ді жабдықтау туралы КСРО министрлер кеңесінің қаулысы шықты. 

Бүгін Семей полигонының жабылғанына 30 жыл

Полигонның негізгі құрылған уақыты 1954 жылдың 17 қыркүйегі саналады. Дәл осы «Жаңа Жерде» 1961 жылы адамзат тарихындағы ең жойқын сутек бомбасы – 58-мегатонналық «Царь-бомба» сынақтан өткізілді. 

1955 жылдың 21 қыркүйегі 1990 жылдың 24 қазаны аралығында полигонда 132 ядролық жарылыс болды. Оның ішінде 87-сі атмосфералық болса, 42-сі жерасты.

Бір айта кететін жайт, шет мемлекеттердің полигон аумағында не іргелес аймақтарда халық тұрмаған екен. Бұл мемлекеттер сынақтарын халық тұрмайтын елді мекендерде жүргізген. Ал Семейде ядролық полигонға іргелес аймақтарда мал шаруашылығымен айналысқан ауылдар болған. Соған қарамастан, түрлі сынақтар жасалған. Әрбір термоядролық жарылыс он мың жанды құрбан етеді екен. Полигонның қасіретін де, қаупін де, зардабын да білетін халық ретінде халыққа жасалған осынау қылмыстың енді қайталанбауын тілейміз.

Өзгелердің жаңалығы