Бүгін республиканың 4 қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

25 Желтоқсан 2020, 08:46
1295
Бөлісу:
Бүгін республиканың 4 қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 желтоқсан, жұма күні еліміздің 4 қаласында ауа сапасы ластануы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Ақтөбе, Қызылорда, Орал және Шымкентте ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы