Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

24 Қазан 2020, 08:44
1291
Бөлісу:
Бүгін 2 қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі, 24 қазанда республиканың 2 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Сенбіде ауа сапасының нашарлауы Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында күтіледі.

Республиканың өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Өзгелердің жаңалығы