Бүгін ҚР Президентінің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді

14 Қазан 2021, 11:50
1543
Бөлісу:
Бүгін ҚР Президентінің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.


ЖЕЭК отырысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 17:00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Президент ертең, 15 қазан күні онлайн форматта өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады. Бұл халықаралық жиын да Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де тікелей эфир арқылы көрсетіледі, - делінген жазбада.

Өзгелердің жаңалығы