Бүгін – Қонаевтың дүниеге келген күні

12 Қаңтар 2021, 12:25
1182
Бөлісу:
Бүгін – Қонаевтың дүниеге келген күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Дінмұхаммед Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында өмірге келген. Яғни, бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің туғанына 109 жыл толып отыр. 

Қонаев - үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Қазақстанның көрнекті мемлекет жəне саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері.

-1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болдыі.

-1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

-1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.

-1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. 

Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.

-1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

-1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

-1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды. 

-1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

Қонаев 1993 жылдың 25 тамызында 82 жасында көз жұмды. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 12 қаңтарында Алматы қаласында Дінмұхаммед Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына қатысып, қайраткерге қатысты бағасын айтқан еді. 

Қазақ елінің тағылымды тарихында заман жүгін арқалаған талай толағай тұлғалар болды. Аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев — сондай біртуар болмыс иесі... Дінмұхамед Ахметұлын үлкен ішкі мəдениеті, терең білімдарлығы мен мол өмірлік тəжірибесі ерекшелеп тұратын. Ол өзіне біздің халқымыздың, сол уақыттағы қазақ зиялыларының ең жақсы қасиеттерін сіңіре білді, - деген еді Елбасы.
Өзгелердің жаңалығы