Бүгін Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

12 Желтоқсан 2020, 06:01
1040
Бөлісу:
Бүгін Қазақстанның 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 12 желтоқсан күні 3 қалада ауа сапасының жағымсыз метеорологиялық жағдайымен бөлісті.

Cенбі күні Ақтөбе, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 

Өзгелердің жаңалығы