Бүгін Каспий теңізінде жер сілкінді

13 Маусым 2019, 20:54
2151
Бөлісу:
Бүгін Каспий теңізінде жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 маусым күні Каспий теңізінде магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Almaty.tv.

Теңіздегі жер сілкінісін Әзербайжан сейсмологтары тіркеді.

Әзербайжанның республикалық сейсмологиялық қызметінің мәліметінше, теңіздегі жер асты дүмпулері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:32-де тіркелді. 

Жер сілкінісінің эпицентрі 62 шақырым тереңдікте орналасқаны белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізінде 4,7 және 4,8 балдық күші бар жер асты дүмпулері тіркелген. Екі жағдайда да жер сілкінісінің эпицентрі 62 шақырым тереңдікте болды.

Өзгелердің жаңалығы